Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Республика бойынша өтіп жатқан "Мектепке жол" акциясы

Автор: admin от 26-08-2019, 05:05, посмотрело: 17

0 "Мектепке жол" - аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке барар кезінде демеу жасау, киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын-алу -акцияның ең басты мақсаты болып табылады.
Республика бойынша өтіп жатқан "Мектепке жол" акциясы барысында 8 баланы мектепке қажетті құралдар және сумкамен қамтамасыз етті. Демеушілік танытып, көмек көрсеткен жеке қожалық иелері - "Уәли" жеке қожалық иесі Уалиев Сағынтай,"Бейсенқұл" жеке қожалық иесі Елеусинов Бағдат,"Табылды" жеке қожалық иесі Смагулов Әлібек, "Қалқа" жеке қожалық меңгерушісі Мадалиев Сағадат. Осы акцияға атсалысып, қайырымдылық жасаған азаматтарға, мектеп ұжымы мен ата-аналардың атынан алғысымызды айтамыз. Алдағы уақытта да "Мектепке жол" акциясы жалғасын табады.

Категория: ---

 

Мектепке жол акциясы жалғасуда

Автор: admin от 19-08-2019, 00:04, посмотрело: 21

0 Республика көлемінде өткізіліп жатқан "Мектепке жол" акциясы жалғасын табуда. Бұл акция көптеген жеткіншекке шапағат нұрын себуде. Осы ретте акция кезінде ғана емес, басқа уақытта да тұрмысы төмен отбасын балаларды қыстық киіммен қамтып,тұрақты демеушілік көрсетіп тұратын азаматтардың бары қуантады. Акция аясында оқушылар оқуға қажетті құрал-жабдық,мектеп формасы,спорттық киімдермен қамтылып келеді. Сол сынды жеке қожалықтар, ауылдық мешіт,кәсіпкелер демеушілік көмек көрсетуде. Сондай жанның бірі ауылымыздың "Қойайдар баба" мешіті 25000 /жиырма бес мың/ теңге көлемінде 3 балаға демеушілік жасады. Демеушілік жасаған кісілерге алғысымызды білдіреміз.

Категория: ---

 

Мектепке жол акциясы

Автор: admin от 13-08-2019, 01:46, посмотрело: 19

0 Жақсыдан шарапат
Елбасының бастамасымен қолға алынып,респулика көлемінде өтетін жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында "Жүректен жүрекке" ұранымен өтіп жатыр.
Акцияның негізгі мақсаты - мектепке балаларды жинау,балалардың оқумен қамтылуын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Ьұл жағдайда акцияның негізгі міндеттерінің бірі - барлық балаларды міндетті орта білім беру құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
Мектепке барар кезінде демеу жасау, киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарлары, мектеп формасымен оқулықтар және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын алу акцияның ең басты мақсаты болып табылады. Мектеп жасындағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс.
"Қайырымдылық" акциясы жөніндегі ақпаратты: дүкендер, ата-аналар қоғамдастығына, демеушілерге таратты. Ұйымдарға, демеушілерге аталған акцияға қатысу үшін өтініштер жолданды. Осы мақсатта мектебімізде акция жалғасын тапты. Демеушілер тарапынан қолдауды қажет ететін көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 1 оқушыны "Қалқа" жеке мал шаруашылығының басшысы Мадалиев С және 2 оқушыны "Ержан" шаруа қожалығының басшысы Сағындықов М спорттық киіммен қамтыды.
Ауылымыздың иманды және көкірегі ояу азаматтарымызға алғыс білдіреміз!

Категория: Мектеп

 

Өрлеу

Автор: admin от 21-06-2019, 06:22, посмотрело: 74

0

Категория: Мектеп

 

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде жазғы каникул кезеңінде су тоғандардағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен балалардың қауіпсіздігін

Автор: admin от 13-06-2019, 07:21, посмотрело: 130

1 Мектепте су қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары жасалынды.1-11 сынып оқушыларына «Су сенің досың және дұшпаның», «Суда абай болыңыз!», «Көктемдегі қауіпсіздік ережелері», «Судағы қауіпсіздік ережелері», «Сақтансаң,сақ боларсың!»тақырыбында сабақтар өткізіліп,арнайы дайындалған слайд,бейнероликтер арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сынып жетекшілері оқушыларға суда шомылу ережелері тақырыбында түрлі жаднамалар таратып берді.
Барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізіліп,балалардың су айдынында ата-аналарының қарауынсыз болмауы,судағы сақтық ережелерін басты назарда ұстау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Барлық сынып оқушыларына су қауіпсіздігінің алдын алу,суға шомылу барысында қандай сақтық шараларын қолдану,сақтану,шомылу ережелерін жақсы білу,ересектердің қарауынсыз суға өз бетінше баруға болмайтындығы айтып түсіндірілді.


Категория: ---

 
 

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде жазғы шомылу маусымында оқушылар арасында судағы қауіпсіздік тақырыбында өткізілген сынып сағаттары

Автор: admin от 13-06-2019, 07:09, посмотрело: 125

0 Мектепте оқушыларға жазғы шомылу маусымында оқушылар арасында судағы қауіпсіздік ережесін үйрету мақсатында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді.Өткізілген сынып сағатының мақсаты судағы қауіпсіздік,судан сақтану жолдарын түсіндіру,демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауды білу қажет екендігі түсіндірілді.
1-4 сыныптарда «Су қауіпсіздік шаралары», «Суда абай болыңыз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Жалпы суда шомылу адам өміріне қауіпті екенін естен шығармау керектігі жөнінде айтылды. Сабақтағы су қауіпсіздік ережелерін түсіндіру барысында оқушылар жүзу жаттығуларын жасап, сергіту сәтін ұйымдастырып, суға шомылу тәртібін ,жүзу қимылдарын үйренді.
5-8 сыныптарда «Қауіпті судан сақтан», «Қауіпсіздік ережесін сақтайық», «Суда шомылу ережелері» тақырыбында мектеп жасындағы балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс.Жеткіншек балалар суға түсуге рұқсат етілген қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ ,қатты су ағысы ,иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы керек.Көптеген оқыс оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алатындығы, сол қауіпсіз жағдайды болдырмау керектігі туралы айтылып,оқушыларға түсіндірілді. Осы түсіндірме жұмыстарын ескере отырып,оқушылар шомылу алаңында оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында тақырып бойынша постер жасап,қорғады.
9-11 сыныптарда «Судың қатерін қаперіңізден шығармаңыз», «Сақтансаң, сақ боларсың», «Су сенің досың және дұшпаның» тақырыбындағы өткізілген сынып сағаттарда судың тілсіз жау екенін түсіндіре отырып түрлі слайдтар көрсетіліп, көптеген жадынамалар таратылды.Арнайы видеороликтер көрсетіліп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Категория: Мектеп

 
 
 
 
Назад Вперед