Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде жазғы каникул кезеңінде су тоғандардағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен балалардың қауіпсіздігін » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде жазғы каникул кезеңінде су тоғандардағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен балалардың қауіпсіздігін
13
июнь
2019

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде жазғы каникул кезеңінде су тоғандардағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен балалардың қауіпсіздігін

Мектепте су қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары жасалынды.1-11 сынып оқушыларына «Су сенің досың және дұшпаның», «Суда абай болыңыз!», «Көктемдегі қауіпсіздік ережелері», «Судағы қауіпсіздік ережелері», «Сақтансаң,сақ боларсың!»тақырыбында сабақтар өткізіліп,арнайы дайындалған слайд,бейнероликтер арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сынып жетекшілері оқушыларға суда шомылу ережелері тақырыбында түрлі жаднамалар таратып берді.
Барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізіліп,балалардың су айдынында ата-аналарының қарауынсыз болмауы,судағы сақтық ережелерін басты назарда ұстау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Барлық сынып оқушыларына су қауіпсіздігінің алдын алу,суға шомылу барысында қандай сақтық шараларын қолдану,сақтану,шомылу ережелерін жақсы білу,ересектердің қарауынсыз суға өз бетінше баруға болмайтындығы айтып түсіндірілді.