Республика бойынша өтіп жатқан "Мектепке жол" акциясы » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республика бойынша өтіп жатқан "Мектепке жол" акциясы
26
август
2019

Республика бойынша өтіп жатқан "Мектепке жол" акциясы

"Мектепке жол" - аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке барар кезінде демеу жасау, киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын-алу -акцияның ең басты мақсаты болып табылады.
Республика бойынша өтіп жатқан "Мектепке жол" акциясы барысында 8 баланы мектепке қажетті құралдар және сумкамен қамтамасыз етті. Демеушілік танытып, көмек көрсеткен жеке қожалық иелері - "Уәли" жеке қожалық иесі Уалиев Сағынтай,"Бейсенқұл" жеке қожалық иесі Елеусинов Бағдат,"Табылды" жеке қожалық иесі Смагулов Әлібек, "Қалқа" жеке қожалық меңгерушісі Мадалиев Сағадат. Осы акцияға атсалысып, қайырымдылық жасаған азаматтарға, мектеп ұжымы мен ата-аналардың атынан алғысымызды айтамыз. Алдағы уақытта да "Мектепке жол" акциясы жалғасын табады.