«Топтық жұмыс - бірлескен оқу үдерісі » тақырыбында өткізілген коучинг » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Топтық жұмыс - бірлескен оқу үдерісі » тақырыбында өткізілген коучинг
02
ноябрь
2016

«Топтық жұмыс - бірлескен оқу үдерісі » тақырыбында өткізілген коучинг

Мақсаты: Топтарда бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісу. Топтарда жұмыс істеу үдерісін модельдеу және топтарда жұмыс істеу мен тиімді топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықты анықтау
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер бірлескен топтық қызметті қалай ұйымдастыру керектігімен танысады

Коучинг сабаққа келген әріптестерімді жылы қарсы алып, өздері ұсынған тақырып бойынша Кембридж бағдарламасы бойынша алған білімдерімді өздерімен бөлісіп, білген –түйгендерімді үйрететінімді және алдағы уақытта сабақтарына қолданып, іске асыру қажеттігін айтып өттім. Сабақты жағымды психологиялық хал-ахуал қалыптастырудан бастап, , қарама-қарсы тұрған әр жұпқа 20 секундтің ішінде бір-бірі туралы мүмкіндігінше көп мәлімет білу тапсырылады. Уақыт өткен соң әр адам өзінің жұбын бүкіл топпен таныстырады. «Танысайық» жаттығуы сергіту сәтін ұйымдастырдым,7модуль» ойыны дөңгелене стулдарда отырады.Модуль атауларын әр адамға бөліп бердім..Ортада тұрған адам модуль атауын айтқанда аталған модуль бойынша орын ауыстырып,орын табуға ұмтылады.Соңынан модуль бойынша топтарға бөлініп отырады
«Топтық жұмыс - бірлескен  оқу  үдерісі »  тақырыбында өткізілген коучинг «Топтық жұмыс - бірлескен  оқу  үдерісі »  тақырыбында өткізілген коучинг

«Идеялар, ұғымдар, есімдер ... себеті» тәсілі бойынша сұрақтар берілді .Тақырыпты топтық талқылауға салдым. Топтық жұмыстар туралы не білесіздер? Топтық жұмыстың қандай тәсілдері сіздерге таныс? Түйінді идеяларды стикерлерге жазып, себетке салды, идеялардың қайталанбауын ескертіп отырдым. Барлық топтың топ мүшелері белсене қатысты, өз ойларын ортаға сала білді, өзара мәз болысып, «Идеялар, ұғымдар, есімдер ... себеті»тәсілін сабақта пайдалану қажеттігі туралы ой бөлісіп жатты және бұл тапсырма сағат бағытымен топтардың бір-біріне ауызша «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы баға берулері бойынша бағаланды.
Мұғалімдердің топтық жұмыс туралы көбірек білу мақсатында дайындалған слайдтармен танысып, ой бөлісті. Презентация ( топтық жұмыс анықтамасы, мақсаты).«Бірлескен және ұжымдық жұмыстың артықшылықтары» таныстырылымы (Слайд) Топтық жұмыс туралы нұсқаулық (Слайд)Топтық жұмысты қадағалау және бағалау Тиімді топтық жұмыс деген не? «Топтық жұмыс» кестесі (Слайд)Мен оларға слайд барысында тек бағыт-бағдар беріп отырушы болдым. Топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бірге шешім қабылдауына жағдай жасайтыны туралы білді, толық ақпарат алды.
«Топтық жұмыс - бірлескен  оқу  үдерісі »  тақырыбында өткізілген коучинг «Топтық жұмыс - бірлескен  оқу  үдерісі »  тақырыбында өткізілген коучинг

Топтық жұмыс жасау сәті

Топтық жұмыс туралы мен не білдім? Постермен қорғау барысында мұғалімдерде жаңаша шабыт, ізденіс, қызығушылық пайда болды.Топтық таныстырылым жаңа тақырыпты игеру мен түсіну үшін тиімді болды, себебі оқушылар үшін бейнелеп көрсету, көркемдеу жұмыстары өте маңызды екенін сезінді. Мұғалімдер шапшаң жұмыс жасап, тез шешім қабылдауға дағдыланды,сөйлеу мәдениетін қалыптастырды. «Жабайы қаздардың өзара ынтымақтастығы туралы бес сабақ» Бейнефильмін тамашалау сәті бүгінгі коучингті қорытындылау, ойларын жинақтауға көп көмегін тигізді.Оқыту мақсатына қатысты болашақта нені басқаша істер едім?
Болашақта:
- коучинг сабағымдағы тапсырмалар деңгейін жетілдіремін;
- ұйымдастыруда уақытты нақты пайдаланамын;
- коуч ретінде кәсіби деңгейімді көтеруде жан-жақты ізденемін.
Осы көрсетілгендерді ескере отырып, коучтық қызметімізді жетілдірсем жақсы коуч болатыныма сенемім қалыптаса бастады!