«Қауіпсіз мектеп» акциясы » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз мектеп» акциясы
01
ноябрь
2016

«Қауіпсіз мектеп» акциясы

Мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,оқушылар арасында және оларға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ үшін !» атты ұранмен акция өткізілді. 1-4 сынып оқушылары арасында «Көшеде сақ бол» , «Жол апаты неден болады?» ,5-8 сыныптарда «Бағдаршам және біз», «Көшеде жүру ережесі», «Айбайлаңдар балалар» атты түсіндірме сабақтары өткізілді. Сабақта жолда жүруде сақ болуға шақыратын қауіпсіз жүріп тұру ережелері бойынша парақшалар таратылып берілді.Мектеп психологы В.Шомакова «Сенің достарың» тренингін жүргізді.
9-11 сынып оқушылары жолда абай болуға шақыру бойынша флешмобтар ұйымдастырды.Бұл іс-шараға ауыл тұрғындары,мектеп ұжымы,оқушылары түгел қатысты.
«Қауіпсіз мектеп» акциясы «Қауіпсіз мектеп» акциясы

5-6 сынып оқушылар арасында Е.Таңатбаев «Қауіпсіздік шұғыласы» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды.Байқаудың мақсаты оқушыларға кеңірек түсінік қалыптастыру.Жолда ,төтенше жағдайларда қауіпсіз жүріп тұрудың негізгі ережелерін білуге үйрету.Байқауда жеңімпаз оқушылар марапатталды. 5а сынып оқушылары Д.Ербек,Н,Берік, 6-сынып оқушылары А.Жаманқұл,Ә.Әбілжан,М.Әбдіғұл,А.Амангелді жеңімпаз атанды.
«Қауіпсіз мектеп» акциясы «Қауіпсіз мектеп» акциясы «Қауіпсіз мектеп» акциясы

6-8 сынып оқушылары арасында Қ.Спанқұлов «Жас жол инспекторлары» байқауын өткізді.Оқушыларға жолда қауіпсіз жүру білімдері,жол-көлік оқиғасында жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету болапы табылады.
«Қауіпсіз мектеп» акциясы «Қауіпсіз мектеп» акциясы «Қауіпсіз мектеп» акциясы

Байқауға қатысқан 7 - сынып оқушылары жеңімпаз атанып марапатталды.Мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру,қазіргі кездегі зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы мектеп басшысы,мектеп психологі «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында баяндамасы оқылып,кеңірек түсіндірме беріп өтті.Мектепте «Зорлықсыз балалық шақ» атты стенд орнатылған.Бала біздің болашағымыз екендігін ескерсек,олардың қауіпсіз мектепте оқуы,жолда қауіпсіздік ережелерін білуі,балалардың аман болуы барлығымызға керек екендігін айтылды.Мұндай өткізілген іс-шаралар балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға,өз-өзіне абай болуға үйретеді.