Мектепке жол акциясы » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
август
2019

Мектепке жол акциясы

Жақсыдан шарапат
Елбасының бастамасымен қолға алынып,респулика көлемінде өтетін жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында "Жүректен жүрекке" ұранымен өтіп жатыр.
Акцияның негізгі мақсаты - мектепке балаларды жинау,балалардың оқумен қамтылуын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Ьұл жағдайда акцияның негізгі міндеттерінің бірі - барлық балаларды міндетті орта білім беру құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
Мектепке барар кезінде демеу жасау, киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарлары, мектеп формасымен оқулықтар және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын алу акцияның ең басты мақсаты болып табылады. Мектеп жасындағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс.
"Қайырымдылық" акциясы жөніндегі ақпаратты: дүкендер, ата-аналар қоғамдастығына, демеушілерге таратты. Ұйымдарға, демеушілерге аталған акцияға қатысу үшін өтініштер жолданды. Осы мақсатта мектебімізде акция жалғасын тапты. Демеушілер тарапынан қолдауды қажет ететін көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 1 оқушыны "Қалқа" жеке мал шаруашылығының басшысы Мадалиев С және 2 оқушыны "Ержан" шаруа қожалығының басшысы Сағындықов М спорттық киіммен қамтыды.
Ауылымыздың иманды және көкірегі ояу азаматтарымызға алғыс білдіреміз!