Наурыз тойы » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2017

Наурыз тойы

Наурыз –жыл басы. Әдетте, бұл күнді ата-әжелеріміз ,әке-шешелеріміз «Ақ түйенің қарны жарылған күн»,немесе, «Самарқаның суы тасып, тасы еріген күн »-деп айтып жатады.Наурыз көктемнің алғашқы айы,қазақтың жаңа жылы.Наурыз айында күн мен түн теңеліп,жер жүзі ашылады,дала нұрланып,ағаштар бүршік атып,гүлдей бастайды.Міне, наурыз айы сонысымен ерекше.Әдетте,бұл айды әжем «Берекелі ай,халқына қуаныш сыйлайтын табысты ай»-дейді.Ия ,қарап отырсақ , әжемнің айтқан сөзі өте дұрыс.Себебі,наурыз айы бастала салысымен әр күні мерекеге толы.Әсіресе, бұл айды көбіне қыздар,әйелдер қауымы қатты жақсы көреді.
1 наурыз «Алғыс айту »күні болса, 8 наурыз «халықаралық әйелдер күні» ал 22 наурыз қазақ халқының ұлы мерекесі,яғни,ұлыстың ұлы күні. Осы күнді мен асыға күтемін.Біздің ауылда наурыз тойы ерекше өтеді.Наурыздың қызықтарын көруге еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін асығады.Мен де осы қуанышты күні сол жерде жүремін.Ауылдың сыртына наурызға арнап қазақтың алты қанат ақ үйлері тігіліп, ауылдың сәнін кіргізеді.Тігілген әр үйдің іші қазақтың ұлттық бұйымдарымен,сәнді сандықтың үсті құрақ көрпемен ,кестелеп тігілген тұс киіздерімен өрнектелінсе,сыртында қазақтың келі-келсабы,ер тоқымын көсреңіз дастарқаны ұлттық тағам түрлерімен берекесін кіргізеді.Дастарқаннан қазақтың құрты мен ірімшігін,сарымайы мен қазы –қартасын ,жал -жаясын ,бауырсағын және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарын табуға болады.Ішсең шөліңді басатын айран мен шалабы,қымыз бен шұбатты да осы дастарқаннан табуға болады.Бұл күні ,ең бастысы қазақтың жеті дәмін қосып дайындаған наурыз көже дайындалып жатады.Наурыз көжені барлығымыз жақсы көреміз.Сүйсініп ішіп,тауысып қоямыз.Далада домбырамен ән айтылып,үлкен кісілер көңілді болып жүреді.Әдетте,жылап жүретін кішкентай балалар далада өзімен-өзі ойнап жүреді.Ауыл сыртында жас жігіттердің күшін сынға салатын қазақтың ұлттық ойындары «Көкпар» «Теңге ілу», «Қазақша күрес», «Қыз қуу» ойнатылып жатады.Ал мен сол сәтте алтыбақанды қызықтап тұрамын.Алтыбақан тепкісі келетін балалардың көбі сонша,бәріміз кезекте тұрамыз.Кешке дейін ән айтылып,би билеп ,мереке ұласа береді.Барлығымыз наурыздың қызығына тоймай сол жерде кешке дейін жүреміз.Наурыз мен үшін ,тіпті,барлық қазақ үшін ең тамаша ай.Міне,наурыз айы да келіп жетті.Наурыз көже ішіп,қызыққа бататын күн де алыс емес.Мен сол күнді асыға күтіп жүрмін.Шіркін! Тезірек наурыз мерекесі болса екен.Айтпақшы ,мың рет естігенше,бір рет көзбен көрген жақсы демекші, біздің ауылға наурыз тойына келіңіздер!



Әлімхан Ақмөр Қуанышқызы
5- сынып оқушысы

Похожие публикации:

17 сентябрь 2017 Қош келдің, Наурыз!
17 сентябрь 2017 Қош келдің, Наурыз!
17 сентябрь 2017 Наурыз жыры
17 сентябрь 2017 Наурыз –көктем