Құтты болсын, әз Наурыз. » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2017

Құтты болсын, әз Наурыз.

Наурыз- жыл басы. Әдетте бұл күнді ата- әжелеріміз, әке- шешелеріміз: «Ақ түйенің қарны жарылған күн» немесе «Самарқанның суы тасып , тасы еріген күн»- деп айтып жатады Наурыз көктемнің алғашқы айы, қазақтың – жаңа жылы. Наурыз айында күн мен түн теңеліп, жер жүзі ашылады, дала нұрланып, ағаштар бүршік атып, гүлдей бастайды. Міне, наурыз сонысымен ерекше. Мен наурыз айын қатты жақсы көремін. Сонымен, қатар наурыз айын асыға күтемін. Әдетте, бұл айды әжем « Берекелі ай, халқына қуаныш сыйлайтын табысты ай»- дейді. Ия, қарап отырсақ, әжемнің айтқан сөзі өте дұрыс. Себебі, наурыз айының басталған уақыты, яғни 1- наурыздың өзі «Алғыс айту күні». Алғашқы күнімен-ақ мерекеге толы бұл айды көбіне қыздар, әйелдер қауымы қатты жақсы көреді. 1-ші наурыз «Алғыс айту күні» болса 8-ші наурыз «Халықаралық әелдер күні», ал 14-ші наурыз «Ескі жаңа жыл», болса, 22-ші наурыз нағыз қазақ халқының мейрамы- «Жаңа жыл». Міне, наурыз айы мерекеге толы ай. Мен наурыз айының 22 - күнін қатты жақсы көремін. Себебі, ол күні мәдениет сарайына жиналып, наурыз мейрамын тойлаймыз. Ол күн мәдениет сарайында ерекше ықыласпен жиналып, аталып өтілетін күн. Ол жақта қазақ халқының ұлттық ойындары «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Бәйге», «Қазақша күрес», «Көкпар», «Қыз қуу» секілді ойындар ойнатылады. Сол күні ңаурыз мейрамының қызықтарын көру үшін еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін сол жерде жүреді. Мен де наурыз мейрамының қуанышына толы бұл күнде сол жерде жүремін. Мәдениет сарайының алдында үлкен бірнеше қазақ үй тігіледі. Оның іші сандыққа, домбыраға, қазақы көрпелерге, бесікке, ұлттық тағамдарға толы болады. Сол күні ол жерден қазақ халқының барлық ұлттық тағамдарын табуға болады. Не керек, құртта, шұбатта, қымыз бен сүт, айран, сары маймен бауырсақ бәрі-бәрі сол жерде болады. Далада ет толы қазан қайнап жатады. Бұл күні, ең бастысы қазақтың жеті дәмінен құралған наурыз көже дайындалып жатады. Наурыз көжені барлығымыз жақсы көреміз. Сүйсініп ішіп, тауысып қоямыз. Далада домбырамен ән айтылып, үлкен кісілер абыр-сабыр болып жүреді. Әдетте жылап жүретін балалар далада өзімен өзі ойнап, жүгіріп жүреді. Ал мен алтыбақанды қызықтап тұрамын. Алтыбақан тепкісі келетін балалардың көбі сонша, бәрі кезекте тұрады. Кешке дейін ән айтылып, би биленеді. Барлығымыз наурыздың қызығына тоймай, сол жерде кешке дейін жүреміз. Наурыз мен үшін, тіпті барлық қазақ үшін ең тамаша ай. Міне, наурыз айы да келіп жетті. Наурыз көже ішетін уақытта болды. Мен наурыз айын жақсы көремін.

Әлімхан Айғаным Мұратбекқызы
6- сынып оқушысы

Похожие публикации:

17 сентябрь 2017 Қош келдің, Наурыз!
17 сентябрь 2017 Қош келдің, Наурыз!
17 сентябрь 2017 Наурыз тойы
17 сентябрь 2017 Наурыз жыры
17 сентябрь 2017 Наурыз –көктем