Қош келдің, Наурыз! » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2017

Қош келдің, Наурыз!

Наурыз көктем-шуағын төккен


Наурыз-қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық мерекесі. Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, дәстүрі, салты тіпті мерекесі де болады. Сондай ерекше мерекеміз, жыл басы-наурыз. Наурыздың 21-22 күні күн мен түн теңеледі. Бұл мерекені еліміздің көптеген өңірлері әртүрлі тойлайды. Бірақта кей өңірлер әртүрлі тойласа да, мақсат біреу. Ол-жамандықты ұмытып, жақсылыққа қадам басу. Наурыз айы-тіршілік уақыты. Оның себебі: бие құлындап, қой қоздап, сиыр бұзаулап, адамдардың аузы аққа жете бастайды. Ақ бар жерде береке болатыны сөзсіз. Қыстан жан сақтап шыққан халық молшылыққа кеңеледі. Бұл күнді қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп, ескі жылдағы өкпе-араздықты ұмытып, бірін-бірі құттықтап, төс қағысып көріседі. Наурыз айы жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы.Себебі:тіршілік иелерінің бәрі қайта оянып,жаңа өмірге қадам басады.Сондай-ақ наурыз мерексі мұсылман халықтарының нағыз жаңа жылы.
Наурыз мейрамын қазанда қайнаған «наурыз көжесіз» өткізу мүмкін емес.Демек,наурыз көже-наурыз мерекесінің символы.Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі.Наурыз көже бидай, ет, тұз, тары, сүт, қамыр, су сынды жеті түрлі дәмнен құралады.Көженің жеті түрлі дәмнен тұруы тектен-тек емес.Анам мен әжем наурыз көже даярлап жатқан кезде мен мұқият,зер салып қарап отырамын.Өзім наурыз көже жасап көрмесем де,көжені жасау үлкен қажырлы еңбекті талап ететінін түсіндім.Әжем әрдайым «наурыз көженің негізгі құрамы бидай.Оны жақсылап келіге түйсе ғана көжеге ерекше дәм береді»-деп айтып отырады.Мен әжемнің айтқанымен келісемін.Сондай –ақ наурыз көжеге арнап соғымның жамбасы,жаясы,қазы-қартасы сақталады.Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша «наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта жүреді» деген сенім бар.
Халықтың көңіл-күйі наурызда көтеріңкі болады.Сондықтан наурыз ойын-сауықсыз қызықты болмайды.Наурызда ойналатын ойын –сауық түрлері өте көп.Олар:қыз қуу,арқан тартысу,көкпар,бәйге,теңге ілу,аударыспақ,алтыбақан тебу, күрес тағысын тағы.Бұл ойын түрлері ертеден келе жатқандықтан,ұлттық ойндар қатарына кіреді.Мен «қыз қуу» ойнын өз көзіммен көрген емеспін,бірақ теледидардан,кинодан көріп жүрмін.Қыз қуу ойыны қызықты әрі көңілді ойын.Ойын барысы аты айтып отырғандай жігіттердің қызды қуумен басталады.Біз бұл ойын арқылы нені көруімізге болады?Әрине,қазақ қыздарының аттың құлағында ойнай алатындығы,өте өжет,қайсар,батыл екндігін көруге болады.Бүгінгі таңда қазақ қыздарының барлығы ат құлағында ойнамақ түгіл,міне алмайды.Наурызда қыз-жігіттер қызылды-жасылды киініп,алтыбақан тебеді.Алтыбақан тебу қазақтың барлық балаларының сүйіті ойыны.Кейде алтыбақан тебу қызық болғаны соншалық,кеш батқаны да білінбей қалады.
Наурыз мерекесі менің сүйікті мерекем.Сол себептен де мен наурыз мерекесін асыға күтемін.Наурыз мерексінде барлығымызға молшылық пен бақыт тілеймін!


Абдраман Әмина Асылханқызы
6 сынып оқушысы

Похожие публикации:

17 сентябрь 2017 Қош келдің, Наурыз!
17 сентябрь 2017 Наурыз тойы
17 сентябрь 2017 Наурыз жыры
17 сентябрь 2017 Наурыз –көктем