20
июнь
2022
Киелі Түркістанға саяхат
2022 жыл Балалар жылына орай Ертүріктің бесігі Түркістан шаһарына Мәлік Ғабдуллин мектебінің оқушылары тарихи-рухани танымдық өлкетану саяхатына барып қайтты. Оқушылар Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелерінде болды. Киелі орындарда балаларға тарихи-танымдық ақпараттар берілді. Ер түріктің бесігі атанған қаланың бұдан өзге де қасиетті орындарында болып, тарихи жәдігерлерімен жақынырақ танысты. Түркістанға жасалған өлкетану саяхаты әрбір оқушының өміріне жаңаша бастау, жарқын да нұрлы жол болмақ...







