Попечительский советі және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Попечительский советі және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже
24
июнь
2022

Попечительский советі және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже

Попечительский советі және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже
1 - тарау. Жалпы ережелер
1.Білім беру ұйымдарындағы Попечительский советі туралы осы ереже (Бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 44 бабының 9 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде әзірленді.
2. Білім беру ұйымдарындағы Попечительский советі оқу-тәрбие процесін коллегиялды түрде басқара отырып, оның әрі қарай дамуына ықпал етуші бірлестік.
3. Попечительский совет білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.
4. Попечительский совет мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

2 - тарау. Попечительский советті сайлау тәртібі және құрамы
5. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында Попечительский советтің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру орналастырады.
6. Попечительский советтің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы бекітеді және Попечительский советке мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады.
7. Попечительский советтің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

Білім беру ұйымының жанынан құрылған Попечительский совет отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.
Попечительский совет құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.
8. Попечительский совет мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Попечительский совет мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Попечительский совет мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.
9. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Попечительский совет мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.
10. Попечительский советтің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Попечительский советтің басшысы болып табылады.
Мемлекеттік органдардың өкілдері Попечительский советтің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.
11. Попечительский советтің төрағасы болмаған жағдайда Попечительский советтің шешімі бойынша оның қызметін Попечительский совет құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа Попечительский совет мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
12. Төраға Попечительский советтің атынан әрекет етеді және осы Қағидаларға сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.
13. Попечительский советтің жұмысын Попечительский совет сайлаған хатшы қамтамасыз етеді.

3 - тарау. Попечительский советтің өкілеттігі
14. Білім беру ұйымының Попечительский советі:
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Попечительский советтің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
9) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
10) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Попечительский советтің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

4 - тарау. Попечительский совет жұмысын ұйымдастыру тәртібі
15. Попечительский советтің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Попечительский совет мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.
16. Попечительский советтің отырысын шақыру туралы хабарламаға Попечительский совет төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Попечительский советтің мүшелеріне және Попечительский совет қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады.
Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.
Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, Попечительский советтің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.
17. Хабарламаны алған Попечительский советтің мүшесі Попечительский советтің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің Попечительский советтің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын Попечительский совет хатшысына хабарлайды.
18. Попечительский советтің төрағасы отырысты шақыру туралы ұсыныс түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Попечительский советтің отырысын шақырады.
19. Попечительский советтің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі.
20. Попечительский советтің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. Попечительский совет мүшесінің өз дауысын Попечительский советтің басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді.
21. Білім беру ұйымы Попечительский советінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие.
22. Попечительский советтің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Попечительский советтің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Попечительский совет төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.
23. Попечительский советтің шешімі отырысқа қатысқан Попечительский советтің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
24. Хаттама Попечительский советтің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына жолданады.
25. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет-ресурсында Попечительский советтің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.
26. Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Попечительский советтің шешімі бойынша жұмсалады.
27. Білім беру ұйымының қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері:
1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;
2) басқа ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін – екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.
28. Қайырымдылық көмектерден түсетін түсімдер:
1) білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге;
2) беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;
3) спорттыдамытуға, дарындыбалалардықолдауға;
4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға.
29. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында, тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат береді.

5 - тарау. Қамқоршылықкеңестіңжұмысынтоқтату
30. Попечительский советтің жұмысын тоқтату:
1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша;
2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.
31. Попечительский советтің мүшесі:
1) өз бастамасы бойынша;
2) білім беру ұйымындағы орнында үш ай бойы болмауы себепті Попечительский советтің құрамынан шығуы мүмкін.