ЕНТ ТАПСЫРУҒА ЖАДЫНАМА » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
14
сентябрь
2020

ЕНТ ТАПСЫРУҒА ЖАДЫНАМА

ЕНТ ТАПСЫРУҒА ЖАДЫНАМА

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде биылғы ЕНТ тапсыру ережелеріне байланысты ата-аналармен онлайн жиналыс өткізілді. Онда әлемді дүрліктірген пандемияға қатысты ЕНТ-ның өзгертілген ережелері айтылып, соларды қатаң сақтау талаптары насихатталды.

Құрметті ата-аналар, естеріңізге сала кетейік баршаңызды карантин режимін қатаң сақтап, оқушылар ЕНТ-ны тапсыру сәтінде мына ережелерді естеріңізден шығармаңыздар:
1) ЕНТ алғаш рет жаңа жағдайда өтеді: ЕНТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар енгізіледі. Түлектер короновирус індетіне байланысты енгізілген талаптарды қатаң сақтауға тиіс.
2) Ғимаратқа кіргізу кезінде тест тапсырушылардың арасындағы екі метрлік арақашықтықты қатаң сақтау арқылы маскалы режим жүзеге асырылады.
3) Әр тест тапсырушы 5 бақылау кезеңінен өтетін болады, оның ішінде сыртқы киімді дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыратын арнайы дәліз арқылы өту ескерілген.
4) Егер ғимаратқа кіргізу барысында тыйым салынған заттар, яғни смартфондар, жазба қағаздары және басқа да құралдар табылса, онда тест тапсырушы ЕНТ-ға жіберілмейді.
5) Биылға 2019–2020 оқу жылының 4-тоқсан тапсырмалары алынып тасталынды.
6) Кез келген адам ЕНТ-ның өтуі барысын көре алады. Көрсетілім сілтемесі ЕНТ жақындағанда жарияланады.
7) Родителям ЕНТ өткізу пунктінің жанында шоғырлануға болмайды.