Бос орынға жарияланған конкурс » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Бос орынға жарияланған конкурс
12
September
2025

Бос орынға жарияланған конкурс

БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА ЖАРИЯЛАНҒАН КОНКУРС БОЙЫНША ХАБАРЛАНДЫРУ«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1.Мекеменің мекен-жайы: Балуан Шолақ ауылы, Байболат the outside 53, Анықтама байланыс телефоны: 5-16-18 электронды пошта: malik_gabdullin70@mail.kz «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі»КММ
2.Лауазым: Педагог-кәсіби бағдар беруші (тұрақты)
3.Лауазымдық жалақысы: 140000-160000
4.Негізгі функционалдық міндеттері:
мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
5.Үлгілік сипаттамалармен бекітілген біліктілік талаптар:жауапкершілік, ұқыптылық,шығармашылық.
6.Құжаттарды қабылдау мерзімі:12.09-23.09.2025жыл
7.Құжаттар тізбесі:
1.Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжат;
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4.Білімі туралы құжат;
5.Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
6.075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7.Психологиялық,мінез-құлықтық бұзылушылықтары жоқтығы туралы анықтама;
8.Наркологиялық аурудың жоқтығы туралы анықтама;
9.Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат, біліктілік санаты туралы куәлік( бар болса)
10.Ағылшын тілі педагогтері үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері (CELTA, DELTA ,IELTS ,TOEFL)
11.12,13-қосымшаға сәйкес кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12.Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) оқу орнынан ұсыным хат.
8.Конкрус өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі»КММ.