Еңбек жемісі » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
09
April
2025

Еңбек жемісі

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 2024-2025 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша «Еңбек жемісі» тақырыбында ата – аналар жұмысына саяхат жасалды. 10 - сынып оқушыларымен бірге ауыл емханасына, «Амира» балабақшаға барып, ата – аналардың жұмыс орнымен танысып, оқушыларға мәліметтер берілді.
Мақсаты: Ата – ана еңбегінің қадірін біліп, оқушылардың бойына қамқорлық, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін сіңіру. Әр маман иесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Отбасының, ата – аналардың өмірі мен қоғам өміріндегі маңыздылығын көрсету. Ата – анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу. Ата – ананың алдындағы жауапкершіліктерін түсініп, Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.
[]http://gabdullin-shu.mektebi.kz/uploads/posts/2025-04/1744184033_536a930c-bfd9-4925-a02f-c768472efffa.jpg[/]
[]http://gabdullin-shu.mektebi.kz/uploads/posts/2025-04/1744184113_ce8079be-ab3b-436c-8481-de55723b2a03.jpg[/]
[]http://gabdullin-shu.mektebi.kz/uploads/posts/2025-04/1744184124_8f22d7e2-383f-4056-8e64-80bdb3a0179f.jpg[/]
[]http://gabdullin-shu.mektebi.kz/uploads/posts/2025-04/1744184131_49c8dfd0-244b-4a90-8c90-286787f02bc8.jpg[/]