Ұстаздар күніне орай өткізілген іс-шара » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаздар күніне орай өткізілген іс-шара
31
октябрь
2016

Ұстаздар күніне орай өткізілген іс-шара

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебіне ұстаздардар мерекесіне жоспар құрылып, бекітілді.Жоспар бойынша 1-11 сынып оқушылары «Ұстаздық ұлы құдірет»тақырыбында қабырға газеттерін шығарды.1-4 сыныптар арасында «Ұстаз аты биік-әрі мәңгілік» тақырыбы бойынша тәрбие сағаттары өз деңгейінде өткізілді.
9-11 сынып оқушылары «Мерейі үстем ұстазым» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу өткізді.Оқушылар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып,мәнді де мағыналы жауап алып, өз ойларын ортаға салды.
Алтын уақыттарын бөліп келген ардагер ұстаздарға алғыстарын айтып,гүл шоқтарын тапсырып,ән айтып,би билеп ұстаз көңілін бір қуантты.
Ұстаздарға құрмет көрсету барысында мектеп оқушылары барынша талпынып,өнерлерін ортаға салды. 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өзін –өзі басқару күнін өткізді. Ұстаздардың еңбегін бағалап оқушылар ұстаздық жолдың ауыр екеніне қарамастан өздерінің болашақта бір-бір маман иесі болатындықтарын көрсете білді.
Ұстаздар күніне орай өткізілген  іс-шара Ұстаздар күніне орай өткізілген  іс-шара Ұстаздар күніне орай өткізілген  іс-шара

Бірі мектеп директоры,ал екінші біреуі оқу ісі жөніндегі орынбасары бірі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып,мектеп бітіргелі отырған жиырма екі түлек,дипломмен ауылға бағдарламасымен келген жас маманға ұқсап мектептің ішіне ерекше өзгеріс енгізді.
Ұстаздар күніне орай өткізілген  іс-шара Ұстаздар күніне орай өткізілген  іс-шара

11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Сенбілік кездесу» бағдарламасын ұйымдастырып, ұстаздарға сұрақ қойып, ән айтқызып, мектептегі есте қалған қызықтарын еске түсіріп,түрлі тапсырмалар орындатты.Мереке соңында ұстаздарға гүл шоқтарын ұсынды.
Ұстаздар күніне орай өткізілген  іс-шара Ұстаздар күніне орай өткізілген  іс-шара Ұстаздар күніне орай өткізілген  іс-шара

Мереке соңы Ж.Тортаеваның ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы есім» тақырыбында мерекелік концертпен жалғасты.Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз.