Біз туралы » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Балауса» жазғы демалыс алаңының ашылу
05
июнь
2023
«Балауса» жазғы демалыс алаңының ашылу
Бақытты балалық шақ! Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 5 маусым күні «Балауса» жазғы демалыс алаңының ашылу салтанаты болды. Мектеп директоры Смайыл Гаухар Байтұрғанқызы балаларды лагерьдің ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Балалар ән шырқап, би билеп, жұмбақтар шешіп, түрлі қызықты ойындар ойнады.
"Тарихтан тағылым—өткенге тағзым"
01
июнь
2023
"Тарихтан тағылым—өткенге тағзым"
31—мамыр —Ашаршылық пен саяси қуғын —сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы күні М. Ғабдуллин атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Темірбекова Нұржамал Таңатханқызы "Тарихтан тағылым—өткенге тағзым" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында Алаш зиялыларының ауыр тағдыры бейнеленген "Зобалаң жылдар жаңғырығы" атты бейне роликті тамашалады. Әр тұлғаның өмір жолы, қызметі, шығармашылығына тоқталып, тәрбиелік мәні зор, рухани білім нәрімен сусындады. Өткенімізді
“Отбасы-бақыт мекені”
19
май
2023
“Отбасы-бақыт мекені”
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде барлық сыныптарда “Отбасы-бақыт мекені” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және ата - ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру;
"7 мамыр-Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні"
19
май
2023
"7 мамыр-Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні"
7 мамыр-Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл Тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Мереке құтты болсын!
"Еркін ел ұрпағы"
19
май
2023
"Еркін ел ұрпағы"
Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында "Еркін ел ұрпағы" атты жалпы ұлттық патриоттық диктант жазуға М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 9-11сынып оқушылары атсалысып,диктант жазды.
«Бірлігі жарасқан-Қазақстан»
19
май
2023
«Бірлігі жарасқан-Қазақстан»
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 1-11 сынып оқушылары арасында «Бірлігі жарасқан-Қазақстан» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымаққа, достыққа, өз Отаның сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі-өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.
"Адам бола білу -ең қиын мамандық"
19
май
2023
"Адам бола білу -ең қиын мамандық"
Бүгін "Адам бола білу -ең қиын мамандық" тақырыбындағы 8-11 сынып оқушылары арасында аймақтық аудандық сайыс турнирінде "Үздік фракция" және "Үздік талпыныс" номинациясы бойынша "Ұшқыр ой" дебат клубының мүшелері марапатталды. 14 команданың ішінен дараланып шығудың өзі үлкен жетістік.Болашақ жастардың қолында,оған себеп команданың жеңісі.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын»
19
май
2023
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын»
Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр осы уақытқа дейін өз өміршеңдігін жойған емес. Осы мақсатта Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 11«А» сынып оқушылары мектеп ауласына жеміс ағаштарын отырғызды.
"Сүйіспеншілікпен кітап сыйла"
19
май
2023
"Сүйіспеншілікпен кітап сыйла"
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде мектеп кітапханасында 11 сынып оқушыларының ұйымдастырумен "Оқуға құштар мектеп"жобасын іске асыру мақсатында,наурыз айында "Сүйіспеншілікпен кітап сыйла" атты акциясы бойынша кітапхана қоры көркем әдебиеттермен толықтырылды.Акция барысында 40 қа жуық көркем және әдеби кітаптар келіп түсті.Акция арқылы әрбір оқушы өзінің оқыған сүйікті кітабын басқа адамға оқуға мүмкіндік беру үшін кітапханаға сыйға бере алады.