Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік
1. Жалпы ережелер 1. Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген. 2. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) білім беру ұйымын алқалы басқару нысанының бірі болып табылады. 3. Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Ережелерді, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады. 4.