Біз туралы » Страница 2 » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Ту, Елтаңба, Әнұран - қасиетті құндылықтар”
17
май
2023
“Ту, Елтаңба, Әнұран - қасиетті құндылықтар”
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің кітапханасында Мемлекеттік Тудың авторы Ш.Ниязбековтың туылғанына 85 жыл толуына орай “Ту, Елтаңба, Әнұран - қасиетті құндылықтар” атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты:Рәміздер тарихына деген қызығушылықтарын ояту, оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу, халқымыздың тарихи өткені мен дәстүрлерін құрметтеуге баулу.
«Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді»
17
май
2023
«Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді»
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі ұжымы мектеп ауласына Ұлыстың Ұлы күні-наурыз мейрамының қарсаңында «Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» атты ағаш отырғызу акциясы аясында түрлі жеміс ағаштарын отырғызды.
«Наурыз-көктем»
17
май
2023
«Наурыз-көктем»
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде Ұлыстың Ұлы күні 22-наурыз мерекесін өткізу іс-шара жоспарына сәйкес «Наурыз-көктем» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты:«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
"Білім негізі бастауышта" айлығы
23
ноябрь
2021
"Білім негізі бастауышта" айлығы
Мектепішілік жоспарға сәйкес оқу жылының алғашқы тоқсанында "Білім негізі бастауышта" атты бастауыш сыныптар айлығы өтті.Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа технология бойынша әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ашық сабақтарын қызықты да мазмұнды өткізді.Бастауыш сынып оқушылары айлыққа белсене қатысты.Айлық барысында сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.Мысалы:"Тәуелсіздік тұғырым"атты сурет байқауы,"Үздік дәптер","Жүзден жүйрік - мыңнан тұлпар","Кім алғыр?","Жас математик","Жұлдызды
"Жамбыл дарыны"
15
ноябрь
2021
"Жамбыл дарыны"
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 12.11.2021 күні "Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен математика,жаратылыстану,қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада болып өтті. 5-6 сыныптар бойынша 23 оқушы қатысып,5-сынып бойынша Iорын-1оқушы, II орын-4оқушы, III орын-1 оқушы иеленсе,6-сынып бойынша Iорын-4оқушы,II орын-4оқушы алып жақсы нәтиже көрсетті.
" Мен ұлттық киіміммен мақтанамын "
19
март
2021
" Мен ұлттық киіміммен мақтанамын "
Шу ауданы білім бөлімі "Мен ұлттық киіміммен мақтанамын" атты челленджін Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің ұжымы қабылдап,әрі қарай жалғасын табады деген сенімдеміз.
Білім күніне өткізілген іс-шаралар
21
февраль
2019
Білім күніне өткізілген іс-шаралар
Білім күніне арналған салтанатты жиынға ауыл әкімі Н.Сұлтанбаев пен аудандық мәслихат депутаты С.Көпбаев келіп құттықтау сөз сөйледі.Мектеп директоры Г.Смайыл былтырғы өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктерге тоқталып, мектеп табалдырығын алғашқы болып аттағалы отырған 1- сынып оқушыларына сәттілік тіледі.Жиын 1-сынып оқушыларының қоңырау соғу рәсімімен аяқталды.