Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде жазғы шомылу маусымында оқушылар арасында судағы қауіпсіздік тақырыбында өткізілген сынып сағаттары » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде жазғы шомылу маусымында оқушылар арасында судағы қауіпсіздік тақырыбында өткізілген сынып сағаттары
13
июнь
2019

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде жазғы шомылу маусымында оқушылар арасында судағы қауіпсіздік тақырыбында өткізілген сынып сағаттары

Мектепте оқушыларға жазғы шомылу маусымында оқушылар арасында судағы қауіпсіздік ережесін үйрету мақсатында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді.Өткізілген сынып сағатының мақсаты судағы қауіпсіздік,судан сақтану жолдарын түсіндіру,демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауды білу қажет екендігі түсіндірілді.
1-4 сыныптарда «Су қауіпсіздік шаралары», «Суда абай болыңыз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Жалпы суда шомылу адам өміріне қауіпті екенін естен шығармау керектігі жөнінде айтылды. Сабақтағы су қауіпсіздік ережелерін түсіндіру барысында оқушылар жүзу жаттығуларын жасап, сергіту сәтін ұйымдастырып, суға шомылу тәртібін ,жүзу қимылдарын үйренді.
5-8 сыныптарда «Қауіпті судан сақтан», «Қауіпсіздік ережесін сақтайық», «Суда шомылу ережелері» тақырыбында мектеп жасындағы балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс.Жеткіншек балалар суға түсуге рұқсат етілген қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ ,қатты су ағысы ,иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы керек.Көптеген оқыс оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алатындығы, сол қауіпсіз жағдайды болдырмау керектігі туралы айтылып,оқушыларға түсіндірілді. Осы түсіндірме жұмыстарын ескере отырып,оқушылар шомылу алаңында оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында тақырып бойынша постер жасап,қорғады.
9-11 сыныптарда «Судың қатерін қаперіңізден шығармаңыз», «Сақтансаң, сақ боларсың», «Су сенің досың және дұшпаның» тақырыбындағы өткізілген сынып сағаттарда судың тілсіз жау екенін түсіндіре отырып түрлі слайдтар көрсетіліп, көптеген жадынамалар таратылды.Арнайы видеороликтер көрсетіліп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.