Біз шәкірттерімізбен мақтанамыз! » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біз шәкірттерімізбен мақтанамыз!
10
июль
2023

Біз шәкірттерімізбен мақтанамыз!

Ұстаз алдында тұрған басты міндет – білімді, қоғамға қабілетті, жан-жақты тұлға тәрбиелеу. Осы тұста Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінен жыл сайын арманы мен мақсаты айқын түлектер қанат қағады. Білім ошағының табалдырығын аттағалы түрлі деңгейдегі жарыстар мен байқауларда топ жарып, мектебіміздің мәртебесін арттырып, мектепті «Алтын белгі» төсбелгісімен аяқтаған түрлектеріміз жетерлік. Атап айтар болсақ, Абдраман Алихан, Байтұрған Лағыл, Нұрмаханбет Гүлім мен Нұрмаханбет Назерке сынды мектеп мақтаныштары ұстаз мерейін асырып, мектеп атын шығарып жүрген жастар. Шәкірттеріміздің жетістігіне ортақтасып, атап өтуді жөн көрдік.

Абдраман Алихан Асылханұлы 2017 жылы мектепті «Алтын белгі» төсбелгісімен аяқтады. 2017-2021 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін Математикалық және компьютерлік пішіндеу мамандығы бойынша аяқтады.



Нұрмаханбет Гүлім Сағадатқызы 2017 жылы мектепті «Алтын белгі» төсбелгісімен аяқтады. 2017-2021 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін әлемдік экономика мамандығы бойынша бітірді. 2021 жылы сол университеттің магистратурасына түсіп, 2023 жылы магистр дәрежесін алып отыр.



Байтұрған Лағыл Арманқызы 2017 жылы мектепті «Алтын белгі» төсбелгісімен аяқтап, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінде 2017-2022 жылдары оқып, бакалавр мамандығын аяқтады. 2023 жылдан бастап интернатураны С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде оқып жатыр.


Нұрмаханбет Назерке Сағадатқызы 2019 жылы мектебімізді «Алтын белгі» төсбелгісімен аяқтады. 2019 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетіне түсіп, орман шаруашылығы мамандығын 2023 жылы қызыл дипломмен аяқтап отыр.




Біз жоғарыда аталған шәкірттерімізді әрдайым мақтан тұтамыз. Олар – мектептің мақтанышы, жетістігімен ұстаздарды қуанышына бөлеген өрендер. Шәкірттеріміздің жетістігі – мектеп ұстаздарының жетістігі. Жастарға өмірде тек сәттілік тілейміз! Біз қашанда қуаныштымыз!