Ақпарат » Страница 5 » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Абай жаққан бір сәуле
20
февраль
2020
Абай жаққан бір сәуле
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай оқушы шығармашылығын дамыту мақсатында «Абай жаққан бір сәуле» атты жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.Үздік шыққан оқушылар марапатталды.
"Үздік сынып сағаты" атты байқау
19
февраль
2020
"Үздік сынып сағаты" атты байқау
Мектепте жас сынып жетекшілерді қолдау және ынталандыру,шығармашылығын шыңдау мақсатында «Үздік сынып сағаты» байқауы өткізілді.Байқауға қатысқан сынып жетекшілер сынып сағатын өткізіп,өз шеберліктерін көрсете білді.Байқау нәтижесі бойынша сынып жетекшілер марапатталды.
"Адалдық алаңы"
13
февраль
2020
"Адалдық алаңы"
Мектебімізде "Адалдық алаңы" жалғасын табуда. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Мектептегі оқушылар және ұстаздар барлық тәтті мен бәліштерді сатып алды. Түскен қаражатқа аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына қажетті заттар алып берілді.
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңызы
04
февраль
2020
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңызы
Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық бірлестігінің жұмысын жандандыру мақсатында «Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән мұғалімдерінің қатысуымен семинар өткізілді.Семинар барысында оқушылар «Жас сарбаз» әскери-патриоттық бірлестігінің ережелерін бұлжытпай орындау,саптық жаттығуларын,ұранын,әнін орындап өз шеберліктерін
"Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе..." ән эстафетасы
03
февраль
2020
"Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе..." ән эстафетасы
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай оқушыларды әнге баулу,қабілетін дамыту мақсатында «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе...» атты «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы арасында ән айту эстафетасы жүргізіліп жатыр.
Адалдық сағаты
11
ноябрь
2019
Адалдық сағаты
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өткізілді.Сынып сағатында оқушыларға адалдық,парасаттылық,сенім құндылықтарын сіңіруге,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру,саналы,бәсекеге қабілетті,жаны-жақты тұлғалардың санын көбейтуге атсалысу мақсатында түрлі пікірлер айтылып,ортаға салынды.Оқушыларға тақырып бойынша пікір алмасу арқылы дайындалған слайд,бейнероликтер көрсетілді.
Республикалық «Эко сағат»
03
октябрь
2019
Республикалық «Эко сағат»
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде Республикалық «Эко сағат» ауқымды акциясы өткізілді. Эко сағат тақырыбы бойынша «Экология және денсаулық», «Зкология және біз » тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.Сонымен қатар мектеп ауласына ағаштар отырғызып, болашақта осы ағаштарды күтіп , баптайтындықтарын жәнетабиғатты аялауға , сақтауға өз үлестерін қосатындығы туралы айтып өтті. Мұндай акциялар әлі де жалғасын табады.