07
декабрь
2022
1 маусым балаларды қорғау күні
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 1 маусым балаларды қорғау күні мерекесіне орай "Балауса" жазғы демалыс алаңының ашылу салтанаты болды. Балуан Шолақ ауылдық округі әкімі Сандыбаев Данияр Көкталұлы мен мектеп директоры Смайыл Гаухар Байтұрғанқызы балаларды мерекемен құттықтап, тәтті балмұздақ таратты.