1 сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен басталады. » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен басталады.
24
июнь
2022

1 сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен басталады.

1 сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен басталады.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі" КММ-не 2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен басталады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.

Ата-аналарға порталдың➡️«Білім» бөлімінен ➡️«Орта білім» бөліміне өтуі қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті.

Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.

Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:

• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);

• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

• Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);

• 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

• 3*4 екі фотосурет.

Мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды.

Мектептің мекен жайы:

Балуан Шолақ ауылы, Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі, Байболат көшесі № 53, тел: 8 (72638) 5-18-16