«IQanat» » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
май
2021

«IQanat»

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушылары Тойшыбай Сұлужан, Сәмбетбай Рахметолла «IQanat» олимпиадасының облыстық турының жеңімпаздары атанды.
Білім байқауына республика бойынша 700-ге жуық ауыл мектебінің 9-сынып оқушылары қатысып, 7 пән бойынша (математика, физика, химия, биология, география, тарих және тілдік бағыт) бақ сынады.
Олимпиадаға Жамбыл облысынан қатысқан 40 оқушының 2-уі жүлделі ІІІ орын иегері атанды.
Жеңімпаздарды «IQanat» Білім беру қорының Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы Айдын Рахымбаев құттықтап, диплом және бағалы сыйлықтар табыстады.