Дұрыс тамақтанудың оқушы денсаулығына пайдасы. » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дұрыс тамақтанудың оқушы денсаулығына пайдасы.
10
февраль
2020

Дұрыс тамақтанудың оқушы денсаулығына пайдасы.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде ыстық тамақпен қамту бойынша өткізілген «Дұрыс тамақтанудың оқушы денсаулығына пайдасы» тақырыбындағы баяндаманың
Анықтамасы
    Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 10.02.2020 жылы дұрыс тамақтануды түсіндіру мақсатында оқушыларға «Дұрыс тамақтанудың оқушы денсаулығына пайдасы» тақырыбында биология пәнінің мұғалімі А.Кашкинбаева баяндама оқыды.
   Оқылған баяндамада  дұрыс тамақтанудың не екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанудың негізгі ережелерін айтып өтті. 1. Жиі әрі аз-аздан тамақтану (1 күнге 5-6 рет тамақтану қажет); 2.Рационда белок, май және көмірсудың болуы; 3.1 күн ішінде тұтынатын майды, белокты және көмірсутегін өз организміңіздің қалауына қарай ыңғайластыра қолдану; 4.Таза су (күніне 2 литрден жоғары ішу керек); 5. Таза тамақ (жартылай фабрикаттардан, тез дайындалатын тағамдардан және тәттіден бас тарту); 6. Калория нормасын сақтау. Тамақтану сауаттылығы жайлы және күнделікті тағамға ет, тауық еті, көкөніс пен жемістерді қажетті мөлшерде пайдалану денсаулығымызды сақтауға көмектесетіндігін атап айтты.