Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында атқарылған іс-шаралар » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында атқарылған іс-шаралар
14
октябрь
2020

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында атқарылған іс-шаралар

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұйрық шығарылып,іс-шара жоспары бекітілген.Қауіпсіздік ережесіне сай мектепте кезекшілік кестесі бекітілген.Бейнекамералар орнатылған.
Балаларға есірткі құралдарын тарату мен пайдалануға қатысу деректерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған,сондай-ақ белгісіз тұлғалардан кондитерлік тағамдар мен сағыз өнімдерін сатып алуға жол бермеуді түсіндіре отырып 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді. Барлық сыныптарда қауіпсіздік сабақтары жүргізілді.«Бала және қауіпсіздік», «Жолда абай бол», «Жол ережесін сақта»,«Өрт-тілсіз жау», «Суда шомылуда абай бол», «Әлеуметтік желінің әлегі», «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны», «Нашақорлық және құқық бұзушылық», «Есірткі естен айырады», «Қылмыс пен жаза».
2020 жылдың қыркүйек айының 16-сы күні мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.Ата –аналарға «Бала қауіпсіздігі-басты назарда» тақырыбында баяндама оқылып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Арнайы дайындалған бейнероликтер мен слайд көрсетілді.
«Whats App» желісі арқылы жалған ақпараттарды тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекісінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатындығы жөнінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бармешова және мектеп инспекторы Қ.Адашов ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Балалардың қауіпсіздігінің сақталу жағдайына күнбе-күн талдау жүргізіледі,құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі ай сайын жүргізіледі.
Балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектеп психологі С.Бұхарбаева сауалнама жүргізіп,психологиялық диагностикалау нәтижесіне талдау жұмыстарын жүргізеді.Мектеп инспекторы Қ.Адашов бейнебақылау камераларына түскен бейнематериалдарды күнбе-күн қарап, нәтижесін шығарып отырады.Балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша ата-аналар жиналысы уақытылы өткізіліп отырады. Оқушылар арасында «Баланың қауіпсіздігі сақтала ма?» атты тақырыпта сауалнама жүргізілді. Мектеп тәлімгері А.Самбаева «Жол ережесін білу –басты міндет» тақырыбында оқушыларға жол белгілері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
5-6 сынып арасында «Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.Мектеп медбикесі А.Асылбекова оқушыларға жеке бас гигиенасы және сақтық шаралары туралы кеңестер беріп отырады. Оқушыларға арнайы дайындалған жол ережесі,вирустан қорғану туралы бейероликтер көрсетілді.