"Мектеп асханасы" акциясы мәлімет » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мектеп асханасы" акциясы мәлімет
26
февраль
2020

"Мектеп асханасы" акциясы мәлімет

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп 2020 жылдың 27 қаңтар және 27 ақпан аралығында өткен «Мектеп асханасы» республикалық акциясы туралы мәлімет.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 3-15-3120-И хатын орындау мақсатындағы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылы 27 қаңтардағы №59 бұйрығы бойынша Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде «Мектеп асханасы» республикалық акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілді.
Мектептегі тегін ыстық тамақтандырудың сапасына бақылау жүргізу мақсатында тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөнінде ведомствоаралық сараптамалық комиссия құрылды. «Мектеп асханасы» акциясы аясында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын қадағалау, күнделікті ас мәзірінің нормаға сай берілуі, мектеп асханасының санитарлық жағдайы, перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуіне ведомствоаралық сараптамалық комиссиясы бақылау жұмыстарын жүргізді.
Акция аясында мектеп медбикесі Ж.Жексенбетова асхананың санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға сай болуын қадағалады. Күнделікті оқушыларға беріліп жатқан ыстық тағамдар бекітілген ас мәзіріне сай болуы қадағаланып отырылды. Мектеп психологі С.Бухарбаева аз қамтылған отбасы балаларынан мектептегі тамақтануды ұйымдастыру жүйесі бойынша «Дұрыс тамақтана білесіз бе?» тақырыбында сауалнама алды. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың күнделікті ас мәзіріне, тамақтану сапасына және асхана тазалығына көңілі толатындығы анықталды. «Дұрыс тамақтанудың оқушы денсаулығына пайдасы» тақырыбында 5-9 сынып арасында биология пәнінің мұғалімі А.Кашкинбаева баяндама оқылып, бейнеролик көрсетілді.Сондай ақ , 2 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Ғ.Тамабаева «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. Ашық есік күніне келген ата-аналар оқушыларға беріліп жатқан тегін ыстық тамақтың сапасын, ас мәзіріне сай берілуін бақылады. «Мектеп асханасы» акциясы барысында өткізілген іс-шаралар жоспар бойынша жүргізілді.