ҰБТ ТАПСЫРУҒА ЖАДЫНАМА » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2020

ҰБТ ТАПСЫРУҒА ЖАДЫНАМА

ҰБТ ТАПСЫРУҒА ЖАДЫНАМА

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде биылғы ҰБТ тапсыру ережелеріне байланысты ата-аналармен онлайн жиналыс өткізілді. Онда әлемді дүрліктірген пандемияға қатысты ҰБТ-ның өзгертілген ережелері айтылып, соларды қатаң сақтау талаптары насихатталды.

Құрметті ата-аналар, естеріңізге сала кетейік баршаңызды карантин режимін қатаң сақтап, оқушылар ҰБТ-ны тапсыру сәтінде мына ережелерді естеріңізден шығармаңыздар:
1) ҰБТ алғаш рет жаңа жағдайда өтеді: ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар енгізіледі. Түлектер короновирус індетіне байланысты енгізілген талаптарды қатаң сақтауға тиіс.
2) Ғимаратқа кіргізу кезінде тест тапсырушылардың арасындағы екі метрлік арақашықтықты қатаң сақтау арқылы маскалы режим жүзеге асырылады.
3) Әр тест тапсырушы 5 бақылау кезеңінен өтетін болады, оның ішінде сыртқы киімді дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыратын арнайы дәліз арқылы өту ескерілген.
4) Егер ғимаратқа кіргізу барысында тыйым салынған заттар, яғни смартфондар, жазба қағаздары және басқа да құралдар табылса, онда тест тапсырушы ҰБТ-ға жіберілмейді.
5) Биылға 2019–2020 оқу жылының 4-тоқсан тапсырмалары алынып тасталынды.
6) Кез келген адам ҰБТ-ның өтуі барысын көре алады. Көрсетілім сілтемесі ҰБТ жақындағанда жарияланады.
7) Ата-аналарға ҰБТ өткізу пунктінің жанында шоғырлануға болмайды.