Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
23
сентябрь
2019

Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Тиімді дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына ықпалын тигізеді.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына,жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Дұрыс тамақтану ережелері:
-Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.
-Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне төрт рет қабылдаған жөн.
-Таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1.Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок,көмірсу,май) болуы тиіс.
2.Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
3.Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
4.Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр,асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.
Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліспен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруіңізге болады.





Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде ыстық тамақпен қамту бойынша өткізілген «Дұрыс тамақтану және денсаулық кепілі» тақырыбындағы баяндаманың
Анықтамасы

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 23.09.2019 жылы ыстық тамақтың денсаулыққа пайдасын түсіндіру мақсатында «Дұрыс тамақтану және денсаулық кепілі» тақырыбында мектеп мед бикесі Ж.Жексенбетова баяндама оқыды.
Оқылған баяндамада ең бірінші тамақтану ережесі түсіндірілді. Пайдаланылған тағамның құрамында дәрумендер,ақуыздар,көмірсулар болуы әрі қуаты мол нәрлі болуы қажет. Адам күніне төрт мезгіл тамақтануға дағдылануы тиіс. Бір күн ішінде пайдаланатын тағам кологиясының 20 пайызы таңертеңгілік, 20 пайызы кешкі астың үлесі болуы тиіс. Ал сәскелік және түскі астың әрқайсысы 30 пайыз үлестен келу керек. Кешкі асты ұйқыдан 2 сағат бұрын ішкен дұрыс екенін айтып өтті.
Оқылған баяндамада тек қана тамақтану ғана емес сонымен қатар тамақтану гигиенасын атап өтті. Тамақтанар алдында қолды жуу және тамақтанып болған соң міндетті түрде тісті тазалап қолды жуу керектігі айтылды.




Мектеп мед бикесі:Ж.Жексенбетова