ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ » М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
08
сентябрь
2017

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Жаңа ғасырдың жеке тұлғасын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі егеменді еліміздің басты назарында болып отыр. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның әлемдік білім кеңістігіне енуі - бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар, жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан білім беру саласындағы оқытудың озық,педагогикалық жаңа технологияларын жетік меңгермейінше сауатты маман болу мүмкін емес.
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолдауындағы «ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бөлімінде: «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиясы және ғылыми қамтылуы, өндірістер үшін кадрлер қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманға білім беру жүйесінде әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін, осы заманғы басқарушыларсыз біз иновациялық экономика құра алмаймыз». Осыған орай, әрбір мұғалім барлық жаңалықтар мен әдіс-тәсілдерден хабардар болып, оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіріп,оларды тиімді қолдану жолдарын іздестіріп,өз кәсібін шығармашылықпен дамытып отыру қажеттілігі – заман талабынан өзінен-өзі туындап отыр. Осы тақырып аясында мектеп басшысы ретінде менің міндетім қандай болмақ?... қазіргі заман- оқу мен ізденіс заманы, білім мен біліктің ұштасқан заманы. Осыны негізге ала отырып жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы курсына біліктілігімді арттырмақ мақсатында келдім.
Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Біздің еліміз соның ішінде Кэмбридж оқыту бағдарламасын таңдап отыр. Ондағы мақсат – оқушының танымдық қабілеттерін, яғни өзінше ойлау қабілеттерін арттыру, елестету мен есте сақтауын, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз ету. Сол себепті жаңа заман талабына сай ұйымдастырылып жатқан курстық оқуларға мұғалімдерімді, әсіресе жаратылыстану бағытында жүрген жас мұғалімдерімді ұдайы жіберіп отыруым керек. Мектебім күрделі жөндеуден өтті, мектеп жаңа құрылғылармен, материалдармен қамтамасыз етілді. Менің басшылығыммен мектеп асында тағы басқа көп шаруалар атқарылды. Енді тек жас жеткіншектен шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру асында әріптестеріммен бірге аянбай еңбек етуім керек, бұл мұғалім атаулыға берілген сый- құрмет.
Жалпы білім беруде баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын бірінші қойып отыр.
Әрбір мұғалімнің алдында мынадай міндеттер туындайды:
1. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта отырып, ақыл-ой еңбегі мен мәдениетіне енетін дағдылар мен тәсілдерді,оларды іс-әрекеттің басқа салаларына қолдануды,білімді өз бетімен меңгеру іскерлігін қалыптастыру.
2. Есте сақтау мен сауаттылық біліктілігін дамыту.
3. Оқушыларды инттелектуалды дамыту – қазақ тілінің, қазақ әдебиетінің заңдылығына, іс-әрекетіне тән қоғамда толыққанды қызмет етуге қажеті ойлау сапасын қалыптастыру.
Осы міндеттер тиісті жұйеде іске астын болса, біз білім сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар, өмірге бейім, шығармашыл жас ұрпақты тәрбиелеп шығарамыз. Тіршілік үшін ұрпақтан өзге өзекті нәрсе жоқ. Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе -сол ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі-үлкен көрегендіктің белгісі. Өзекті мәселе-жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Өйткені қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі –шәкірттің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.Осыған орай мемлекеттік білім беру саясатының бағытында мектеп баланың дамуын жүзеге асырып, тұлғаның қабілеттілігін ескеріп, бір қалыпта қалыптасуын қамтамасыз етуі керек. Баланың көп білуі, жақсы оқуы маңызды емес. Ең бастысы – тұлғаның үйлесімді жетілуі. Яғни шығармашылық ойлау қабілетінің дамуы. Оқушының ақыл-ойының нақты дамуы сабақ үстінде айқындалады.
Қазіргі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуметін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір білім алушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін құзыреттілік тұрғыда дамыта отырып нағыз ел азаматы етіп тәрбиелеуге осы курстан алған білімім өзім басқарып отырған мектебімнің болашағы үшін, әріптестеріме тиісті деңгейде қолдау көрсетіп, қоғамдастықта бірлесе жұмыс атқару үшін қызмет ететініне сенімдімін.
Смайыл Гаухар Байтұрғанқызы