» Материалы за Сентябрь 2017 года » Страница 2

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қош келдің, Наурыз!

Автор: admin от 17-09-2017, 20:26, посмотрело: 73

0
Наурыз көктем-шуағын төккен


Наурыз-қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық мерекесі. Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, дәстүрі, салты тіпті мерекесі де болады. Сондай ерекше мерекеміз, жыл басы-наурыз. Наурыздың 21-22 күні күн мен түн теңеледі. Бұл мерекені еліміздің көптеген өңірлері әртүрлі тойлайды. Бірақта кей өңірлер әртүрлі тойласа да, мақсат біреу. Ол-жамандықты ұмытып, жақсылыққа қадам басу. Наурыз айы-тіршілік уақыты. Оның себебі: бие құлындап, қой қоздап, сиыр бұзаулап, адамдардың аузы аққа жете бастайды. Ақ бар жерде береке болатыны сөзсіз. Қыстан жан сақтап шыққан халық молшылыққа кеңеледі. Бұл күнді қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп, ескі жылдағы өкпе-араздықты ұмытып, бірін-бірі құттықтап, төс қағысып көріседі. Наурыз айы жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы.Себебі:тіршілік иелерінің бәрі қайта оянып,жаңа өмірге қадам басады.Сондай-ақ наурыз мерексі мұсылман халықтарының нағыз жаңа жылы.
Наурыз мейрамын қазанда қайнаған «наурыз көжесіз» өткізу мүмкін емес.Демек,наурыз көже-наурыз мерекесінің символы.Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі.Наурыз көже бидай, ет, тұз, тары, сүт, қамыр, су сынды жеті түрлі дәмнен құралады.Көженің жеті түрлі дәмнен тұруы тектен-тек емес.Анам мен әжем наурыз көже даярлап жатқан кезде мен мұқият,зер салып қарап отырамын.Өзім наурыз көже жасап көрмесем де,көжені жасау үлкен қажырлы еңбекті талап ететінін түсіндім.Әжем әрдайым «наурыз көженің негізгі құрамы бидай.Оны жақсылап келіге түйсе ғана көжеге ерекше дәм береді»-деп айтып отырады.Мен әжемнің айтқанымен келісемін.Сондай –ақ наурыз көжеге арнап соғымның жамбасы,жаясы,қазы-қартасы сақталады.Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша «наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта жүреді» деген сенім бар.
Халықтың көңіл-күйі наурызда көтеріңкі болады.Сондықтан наурыз ойын-сауықсыз қызықты болмайды.Наурызда ойналатын ойын –сауық түрлері өте көп.Олар:қыз қуу,арқан тартысу,көкпар,бәйге,теңге ілу,аударыспақ,алтыбақан тебу, күрес тағысын тағы.Бұл ойын түрлері ертеден келе жатқандықтан,ұлттық ойндар қатарына кіреді.Мен «қыз қуу» ойнын өз көзіммен көрген емеспін,бірақ теледидардан,кинодан көріп жүрмін.Қыз қуу ойыны қызықты әрі көңілді ойын.Ойын барысы аты айтып отырғандай жігіттердің қызды қуумен басталады.Біз бұл ойын арқылы нені көруімізге болады?Әрине,қазақ қыздарының аттың құлағында ойнай алатындығы,өте өжет,қайсар,батыл екндігін көруге болады.Бүгінгі таңда қазақ қыздарының барлығы ат құлағында ойнамақ түгіл,міне алмайды.Наурызда қыз-жігіттер қызылды-жасылды киініп,алтыбақан тебеді.Алтыбақан тебу қазақтың барлық балаларының сүйіті ойыны.Кейде алтыбақан тебу қызық болғаны соншалық,кеш батқаны да білінбей қалады.
Наурыз мерекесі менің сүйікті мерекем.Сол себептен де мен наурыз мерекесін асыға күтемін.Наурыз мерексінде барлығымызға молшылық пен бақыт тілеймін!


Абдраман Әмина Асылханқызы
6 сынып оқушысы

Категория: Оқушыларға

 

Қош келдің, Наурыз!

Автор: admin от 17-09-2017, 20:25, посмотрело: 91

0 Наурыз келді халайық,
Әсем әнге салайық.
Мәз-мейрам болып шаттанып,
Қуанып асыр салайық.

Бүршік атып гүліміз,
Өзен ақты сарқырап.
Жылынды ғой күніміз,
Көктем келді жарқырап.

Айнала көкке боялды,
Мәз-мейрам бүкіл халқымыз.
Сай-сала, тау-тас оянды,
Келді Наурыз айымыз.

Ауа-райы тамаша,
Болды бәрі жаңаша.
Еңбектеген сәбиден,
Қуанды қарт та балаша.

Ақ құйысып, көрісіп,
Қуанышпен бөлісіп.
Жүр ғой ауыл жандары,
Алтыбақан тебісіп.

Көк шықты, құстар сайрады,
Даламыз гүлдей жайнады.
Дайындалып әр үй мейрамға,
Бұрқырап қазан қайнады.

Дәмі аузыңнан кетпейтін,
Дайын болды көже де.
Асы ешкімнің жетпейтін,
Рахмет айтам әжеме.

Бидай, күріш, тары бар,
Бар ішінде дәмдісі.
Танымасаң танып ал,
Мерекенің сәндісі.


Әбдіғұл Мейірім Еділқызы
7- сынып оқушысы

Категория: Оқушыларға

 

Құтты болсын, әз Наурыз.

Автор: admin от 17-09-2017, 20:24, посмотрело: 85

0 Наурыз- жыл басы. Әдетте бұл күнді ата- әжелеріміз, әке- шешелеріміз: «Ақ түйенің қарны жарылған күн» немесе «Самарқанның суы тасып , тасы еріген күн»- деп айтып жатады Наурыз көктемнің алғашқы айы, қазақтың – жаңа жылы. Наурыз айында күн мен түн теңеліп, жер жүзі ашылады, дала нұрланып, ағаштар бүршік атып, гүлдей бастайды. Міне, наурыз сонысымен ерекше. Мен наурыз айын қатты жақсы көремін. Сонымен, қатар наурыз айын асыға күтемін. Әдетте, бұл айды әжем « Берекелі ай, халқына қуаныш сыйлайтын табысты ай»- дейді. Ия, қарап отырсақ, әжемнің айтқан сөзі өте дұрыс. Себебі, наурыз айының басталған уақыты, яғни 1- наурыздың өзі «Алғыс айту күні». Алғашқы күнімен-ақ мерекеге толы бұл айды көбіне қыздар, әйелдер қауымы қатты жақсы көреді. 1-ші наурыз «Алғыс айту күні» болса 8-ші наурыз «Халықаралық әелдер күні», ал 14-ші наурыз «Ескі жаңа жыл», болса, 22-ші наурыз нағыз қазақ халқының мейрамы- «Жаңа жыл». Міне, наурыз айы мерекеге толы ай. Мен наурыз айының 22 - күнін қатты жақсы көремін. Себебі, ол күні мәдениет сарайына жиналып, наурыз мейрамын тойлаймыз. Ол күн мәдениет сарайында ерекше ықыласпен жиналып, аталып өтілетін күн. Ол жақта қазақ халқының ұлттық ойындары «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Бәйге», «Қазақша күрес», «Көкпар», «Қыз қуу» секілді ойындар ойнатылады. Сол күні ңаурыз мейрамының қызықтарын көру үшін еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін сол жерде жүреді. Мен де наурыз мейрамының қуанышына толы бұл күнде сол жерде жүремін. Мәдениет сарайының алдында үлкен бірнеше қазақ үй тігіледі. Оның іші сандыққа, домбыраға, қазақы көрпелерге, бесікке, ұлттық тағамдарға толы болады. Сол күні ол жерден қазақ халқының барлық ұлттық тағамдарын табуға болады. Не керек, құртта, шұбатта, қымыз бен сүт, айран, сары маймен бауырсақ бәрі-бәрі сол жерде болады. Далада ет толы қазан қайнап жатады. Бұл күні, ең бастысы қазақтың жеті дәмінен құралған наурыз көже дайындалып жатады. Наурыз көжені барлығымыз жақсы көреміз. Сүйсініп ішіп, тауысып қоямыз. Далада домбырамен ән айтылып, үлкен кісілер абыр-сабыр болып жүреді. Әдетте жылап жүретін балалар далада өзімен өзі ойнап, жүгіріп жүреді. Ал мен алтыбақанды қызықтап тұрамын. Алтыбақан тепкісі келетін балалардың көбі сонша, бәрі кезекте тұрады. Кешке дейін ән айтылып, би биленеді. Барлығымыз наурыздың қызығына тоймай, сол жерде кешке дейін жүреміз. Наурыз мен үшін, тіпті барлық қазақ үшін ең тамаша ай. Міне, наурыз айы да келіп жетті. Наурыз көже ішетін уақытта болды. Мен наурыз айын жақсы көремін.

Әлімхан Айғаным Мұратбекқызы
6- сынып оқушысы

Категория: Оқушыларға

 

Наурыз тойы

Автор: admin от 17-09-2017, 20:23, посмотрело: 79

0 Наурыз –жыл басы. Әдетте, бұл күнді ата-әжелеріміз ,әке-шешелеріміз «Ақ түйенің қарны жарылған күн»,немесе, «Самарқаның суы тасып, тасы еріген күн »-деп айтып жатады.Наурыз көктемнің алғашқы айы,қазақтың жаңа жылы.Наурыз айында күн мен түн теңеліп,жер жүзі ашылады,дала нұрланып,ағаштар бүршік атып,гүлдей бастайды.Міне, наурыз айы сонысымен ерекше.Әдетте,бұл айды әжем «Берекелі ай,халқына қуаныш сыйлайтын табысты ай»-дейді.Ия ,қарап отырсақ , әжемнің айтқан сөзі өте дұрыс.Себебі,наурыз айы бастала салысымен әр күні мерекеге толы.Әсіресе, бұл айды көбіне қыздар,әйелдер қауымы қатты жақсы көреді.
1 наурыз «Алғыс айту »күні болса, 8 наурыз «халықаралық әйелдер күні» ал 22 наурыз қазақ халқының ұлы мерекесі,яғни,ұлыстың ұлы күні. Осы күнді мен асыға күтемін.Біздің ауылда наурыз тойы ерекше өтеді.Наурыздың қызықтарын көруге еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін асығады.Мен де осы қуанышты күні сол жерде жүремін.Ауылдың сыртына наурызға арнап қазақтың алты қанат ақ үйлері тігіліп, ауылдың сәнін кіргізеді.Тігілген әр үйдің іші қазақтың ұлттық бұйымдарымен,сәнді сандықтың үсті құрақ көрпемен ,кестелеп тігілген тұс киіздерімен өрнектелінсе,сыртында қазақтың келі-келсабы,ер тоқымын көсреңіз дастарқаны ұлттық тағам түрлерімен берекесін кіргізеді.Дастарқаннан қазақтың құрты мен ірімшігін,сарымайы мен қазы –қартасын ,жал -жаясын ,бауырсағын және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарын табуға болады.Ішсең шөліңді басатын айран мен шалабы,қымыз бен шұбатты да осы дастарқаннан табуға болады.Бұл күні ,ең бастысы қазақтың жеті дәмін қосып дайындаған наурыз көже дайындалып жатады.Наурыз көжені барлығымыз жақсы көреміз.Сүйсініп ішіп,тауысып қоямыз.Далада домбырамен ән айтылып,үлкен кісілер көңілді болып жүреді.Әдетте,жылап жүретін кішкентай балалар далада өзімен-өзі ойнап жүреді.Ауыл сыртында жас жігіттердің күшін сынға салатын қазақтың ұлттық ойындары «Көкпар» «Теңге ілу», «Қазақша күрес», «Қыз қуу» ойнатылып жатады.Ал мен сол сәтте алтыбақанды қызықтап тұрамын.Алтыбақан тепкісі келетін балалардың көбі сонша,бәріміз кезекте тұрамыз.Кешке дейін ән айтылып,би билеп ,мереке ұласа береді.Барлығымыз наурыздың қызығына тоймай сол жерде кешке дейін жүреміз.Наурыз мен үшін ,тіпті,барлық қазақ үшін ең тамаша ай.Міне,наурыз айы да келіп жетті.Наурыз көже ішіп,қызыққа бататын күн де алыс емес.Мен сол күнді асыға күтіп жүрмін.Шіркін! Тезірек наурыз мерекесі болса екен.Айтпақшы ,мың рет естігенше,бір рет көзбен көрген жақсы демекші, біздің ауылға наурыз тойына келіңіздер!



Әлімхан Ақмөр Қуанышқызы
5- сынып оқушысы

Категория: Оқушыларға

 

Наурыз жыры

Автор: admin от 17-09-2017, 20:21, посмотрело: 70

0 Уақыты күн мен түннің теңелетін,
Жыл басы жұрт шаттыққа кенелетін.
Жасқа жас қосып жатқан наурыздың,
Достар-ау,байқаймысың кереметін.

Үстінен қыстың қамын түсірген жұрт,
Көжесін наурызға арнап пісірген жұрт.
Той жасап ,думан қылып дүрілдетті,
Қадірін осы тойдың түсінген жұрт.

Не жетсін тірлік сәтін септегенге,
Бұл күнге жеткен де бар,жетпеген де.
Адамға тілегі мен ниеті дұрыс,
Тәңірім өмір жолын шектеген бе?!

Мейірімін наурыз-мейрам төгіп жатыр,
Бар әлем қуанышқа бөгіп жатыр.
Сағынып көріскен жұрт бірін-бірі,
Құшағын айқастырып өбіп жатыр.

Сол наурыз бүгін бізді табыстырған,
Арада бір адам жоқ алыс тұрған.
Достар-ау,осындайда қуанышпен,
Төске төс жақсы емес пе қағыстырған

Наурыз -дүниенің дүр сілкінер шағы емес пе,
Наурыз-көктемнің бір мөп-мөлдір таңы емес пе
Наурыз-кір шалмаған жағасын құсни көңіл,
Наурыз-сағыныштың ып-ыстық табы емес пе.

Наурыз –жыл құсындай жеткен бір жаңалық па,
Наурыз-жүмлә таңда жөңкіген ала бұлт па
Наурыз-нау ма едің ,ақ тілекырысын төккен,
Наурыз-енді қайтып оралмайтын балалық па.

Наурыз –ұлыстың бір дүрмегі шығар,
Наурыз-қыздардың термеген алқызыл гүлдері шығар
Наурыз-арманы асқақ аңсарлы ұлдың,
Бақыттан басы айналған күндері шығар.

Наурыз-сол көңілдің сиқырлы шектері ме екен,
Наурыз-мазасыз бір күндердің кептері ме екен.
Наурыз-қайтадан аңсап оралған мынау,
Жастықтың мәңгі өшпейтін көктемі ме екен


Нұрғали Серікжан Қайратұлы
9- сынып оқушысы

Категория: Оқушыларға

 

Мәлік Ғабдуллин

Автор: admin от 17-09-2017, 20:18, посмотрело: 131

0 Қыс өтсе келер біздің көктеміміз
Күн сайын білінеді өскеніміз
Саналы небір мықты шәкірт шыққан
Сүбелі Ғабдуллиндай мектебіміз

Біздер үшін мақтаныш бір сыйлы адам
Ұрпақтары құрметтеп гүл сыйлаған
Отан үшін от кешіп жан аямай
Бізге осындай шуақты күн сыйлаған

Ұстазым сыйлап әліппе
Үңіле қарап әріпке
Арнаймын осы өлеңді
Ғабдуллин аттам Мәлікке




Жамбыл облысы, Шу ауданы
Балуан Шолақ ауылы
Мәлік Ғабдуллин орта мектебінің
6-сынып оқушысы
Нұрғожа Бірғаным Бесіншібайқызы

Категория: Оқушыларға

 

Ағайынды қос батыр, Қияметтік дос батыр

Автор: admin от 17-09-2017, 20:17, посмотрело: 77

0 Отан деп соққан жүрегі
Екеуі де ер еді.
Ғабдуллин мен Бауыржан
Есімде мәңгі жүреді.

Ерліктері олардың,
Таңғалдырды қазақты.
Жан аямай бірігіп,
Жеңіп шықты азапты.

Қайтпас қайсар батырлар,
Жастарға ізгі ой салар.
Бауыржан мен Мәліктен,
Жігіттер, үлгі алыңдар!


Батырлығы олардың,
Ақындықпен жарасқан.
Ақылдары арқылы,
Жауларымен санасқан.

Есте сақтап ақындық қасиетін,
Тыңдап өсіп мәртебелі өсиетін.
Үлгі тұтып батырлардың ұлы рухын,
Боламын батырларға бас иетін.





Жамбыл облысы, Шу ауданы
Балуан Шолақ ауылы
Мәлік Ғабдуллин орта мектебінің
7-сынып оқушысы
Әбдіғұл Мейірім Еділқызы

Категория: Оқушыларға

 

Ағайынды қос батыр , Қияметтік дос батыр

Автор: admin от 17-09-2017, 20:15, посмотрело: 77

0 1. Құрметтеген Бәукеңді ағасындай
Еліміздің дара тұлға асылындай
Кішіпейіл іні жолмен Мәлік ата
Теңеген батыл жанды қазынаға-ай

2. Ақыл мен ой ерік пен күштің иесі
Бауыржан мен Мәлік ата бейнесі
Елі үшін отқа тосып кеудесін
Халқымыздың қаһарманы елеулі

3. Ұлы қазақ елінің қолбасшысы
Терең ой мен әділдіктің айнасы
Қайтпас қайсар Бәукеңнің ұрпағымыз
Жалындаған оттан ыстық жанары

4. Қыл өтпейтін жора-жолдас достығы
Шыңдалған қан майданда шоқтығы
Тегі-асыл жүрегі қазақ ұлылар
Қазықтың мандай алды текті ұлдары

5. Бауыржаны-еліміздің тасқа біткен таңбасы
Баға жетпес оның биік арманы мен мақсаты
Ерлікпенен бағындырып, майдандағы жау шебін
Тасыған селдей қарқынды ол айбарлы

6. Аға-інідей болған жан-жақындығы
Егіздей жүректің асау жалыны
Досқа адал, дұшпанға қаталдығы
Өзіндік жан сырымен сақтаулы...



Қазақтың батыр тұлғасы
Қоғамдағы қайраткер, ойшыл кісі,
Қазақтың әдебиетін зерттеушісі.
Халқына еңбегі сіңген ұлы адам,
Бүгінгі еліміздің мақтанышы.

Қазақтың ақын жанды жазушысы,
Мақал-мәтел, ертегі, жұмбақтарды
Жан-жақты талдау жасап бәріне
Тереңінен тәрбиенің мәнін ашты.

Тауылды ол Көкшедей көркем жерде
Қайталанбас табиғаты ешбір жерде
Осындай мінсіз сұлу жерде өскен
Теңдесі жоқ жаратқанның құдіретіне

Қызыл жұлдыз, қызыл ту алған батыр,
Елін сүйген ер жүрек дара батыр.
Ұлы Отан соғысына қатысқан
Қиындыққа қарсы тұрған рухты асыл

Тәуелсіз, бейбіт күннің төрінде,
Мақтан тұтып, көтереміз биікке
Ғабдуллин атамыздың 100 жылдығын
Құттықтаймын барша қазақ елін мен.





Балуан Шолақ ауылы
Мәлік Ғабдуллин орта мектебінің
10-сынып оқушысы
Алпысбай Анель Жаңабекқызы


Категория: Оқушыларға

 

Наурыз –көктем

Автор: admin от 17-09-2017, 20:10, посмотрело: 80

0
Наурыз –көктем

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ,
Әр үйге бақ-береке құты қонсын.
Көңіліміз шаттанып,әнге толып,
Қыдыр баба киесі басқа қонсын.
Көрісіп,құшақтасып барша адам,
Сәби де мерекеге басты қадам.
Ақ құйып,талын егіп еңбектеніп,
Әжелер жүр далада көңілденіп.
Жеті түрлі дәм қосып әзірлеген,
Көжесі әжеміздің мәзірде екен.
Бауырсақ,құрт пен майы берекелі,
Дастарқанды толтырып сән береді.
Көкпар тартып ,бәйге алып,
Жамбы атып,қыз қуып.
Наурыз күні ерекше,
Кірді елге береке.
Ағайын,құтты болсын мерекеңіз,
Наурызбен кірсін бірге берекеңіз.
Алтыбақан тебісіп,ойнап-күліп,
Қарсы алайық жыл басын,күтіп тұрып.

Боранбай Динара Сағатбекқызы
8-сынып оқушысы



Категория: Оқушыларға

 

"Мектеп мәдениеті" семинар

Автор: admin от 17-09-2017, 19:48, посмотрело: 68

0
"Мектеп мәдениеті" семинар

"Мектеп мәдениеті" семинар

"Мектеп мәдениеті" семинар

"Мектеп мәдениеті" семинар

"Мектеп мәдениеті" семинар

"Мектеп мәдениеті" семинар

"Мектеп мәдениеті" семинар

"Мектеп мәдениеті" семинар

"Мектеп мәдениеті" семинар

Категория: Галерея