» Материалы за Сентябрь 2017 года » Страница 3

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мен өз елімнің патриотымын

Автор: admin от 8-09-2017, 23:29, посмотрело: 188

0 Сабақ тақырыбы: "Мен өз елімнің патриотымын"
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Білім алушылармен сәлемдесу
ә) Психологиялық ахуал қалыптастыру
( Оқушылар бүгін өз жолдастарыңа қандай тілек айтқың келеді?)
Оқушылар бір - біріне өз ойларындағы жақсы сөздерді айтады. Мысалы: Мен саған сәттілік тілеймін. Өз ойыңды толық жеткізе біл. Арманың орындалсын. Жақсылық жасаудан жалықпа деген сияқты.
б) Топқа бөлу 2 0 1 7 осы сандардан нені байқадыңдар?
Әрине биылға 2017 жыл қазақ елі үшін жетістік пен жеңістерге толы болды. Қазақ елін әлем танып Азия олимпиадасы болса, қазіргі таңда ЭКСПО қөрмесі болып жатыр. Міне, бұл біздің елбасымыздың сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.
Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, тақырыбымен жан-жақты толық таныстыру мақсатында топ жұмыс жасайды. .
в) "Топпен жұмыс " стратегиясы
Әр оқушыға "Патриот" деген ұғымды пличатқа толтырып, топпен қоғау ұсынылады. Әр топтан бір - бір оқушы шығып ортада өз пікірін қорғайды.
Кестемен жұмыс:
Оқушылар алдарыңда нені көріп тұрсыңдар? Әрине, Бәйтерек . Бұл ағаш ұлылықтың, арман-тілектің орындалуына себеп болатын нәрсе. Осы бәйтеректі құрт басқанын байқадыңдар ма? Құрт басқан бәйтерек әрине биік мәуелі ағашқа айналмайтыны анық. Олай болса, осы патроит деген сөздердің астарын қалай түсінеміз? ( Мысалы: Ол- еліне қорған болу, адамгершілі пен сүйіспеншілік ... ) Әр оқушының айтқан жақсы сөздерін құрттардың үстіне жабыстыра отырып, ағашымызды гүлдендіреміз. Міне, осындай жақсы сөздермен сендердің жүректеріңде Отанына деген ұлы сезім орнайтыны анық. Болашақтарың осы бәйтеректей биік, жолдарың жарқын, келешектерің кемелге толы болсын демекпін.
Сабағымызды "Өрмекші торы" стратегиясымен аяқтағым келеді. Оқушылар бүгінгі сабақтан не білдіңдер? Патриот дегенді қалай түсінісіңдер?
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді алдарыңда тұрған смаликтерге стикер жабыстыру арқылы өз пікірлеріңді білдіріп кетулерің сұраймын.

Мен өз елімнің патриотымын

Мен өз елімнің патриотымын

Мен өз елімнің патриотымын

Категория: ---

 

Мектеп директоры Смайыл Гаухар Байтұрғанқызының құттықтау сөзі

Автор: admin от 8-09-2017, 23:15, посмотрело: 156

0
1 қыркүйек-Білім күні!
Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар, оқушылар!Сіздерді мектеп әкімшілігі атынан Білім күнімен дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймын.
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары.Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Сондықтан бүгінгі жастар тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет.Ұстаздардың жас ұрпақтын санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие,үлгі-онеге өлшеусіз.Сіздер- жастардын болашагын айқындайсыздар,бүгін еккен дәндерініз ертенгі жеңісті-жемісті күннің кепілі.Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Осы еселі еңбектің жемісі өткен оқу жылы біздің мектеп ұжымымыз үшін алға қойылған міндеттердің нақты іске асып,мерейіміздің асқақтап жетістіктерге толы жыл болғандығын атап өткеніміз деп есептейміз Мектебіміз аудандық рейтнгі бойынша алдынғы ондықтан көріп, ҰБТ-леуге қатысқан 12 түлектің-6 түлегі білім гранты иегері болып танылды көп жылдан бері мектеп тарихында болмаған « Алтын белгі иегерлері » Абдраман Әлихан, Байтұрған Лағыл, Нұрмаханбет Гүлім өз білімдерін дәлелдеп , Мемлекеттік грант иегерлері атанды , өткен оқу жылында мектептің орташа балы 66,58 болса, орта балл 67 ға көтерілді ,бұл- біздің ұстаздар қауымымыздың еселі еңбегі деп ойлаймын
Биыл жаңа оқу жылын 301 оқушымен, 17 сынып комплектісімен бастағалы отырмыз.Былтырғы оқу жылын 285 оқушымен аяқтаған болатынбыз.1-11 сынып аралығында мектеп бойынша білім сапасы 68 құрады.Өткен жылмен салыстырғанда 4% өсім бар.Былтырғы оқу жылында мектебіміз толық кұрделі жөндеуден өтіп, базамыз 17 сынып комплектімен жабдықталды . Заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалануға ерекше мән беріліп, мұғалімдер аудио-кешенді оқу құралдарын пайдалануға қол жеткізіп отыр, жаңа үлгіде жасақталған физика кабинеті сондай-ақ , 1 лингофондық кабинеттеріміз бар.Кітапхана қоры жеткілікті. Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді. Жаңартылған білім мазмұнына , 2017- 2018 оқу жылында 2,5,7 сыныптар көшсе , 2018- 2019 оқу жылында 3, 6,8,10 сыныптар,2019 -2020 – оқу жылында -4, 9, 11 сыныптар кезең-кезеңімен көшеді . 2016 -2017 оқу жылынан бастап Республика мектептерінде бірінші сыныптар бес күндік оқытуға көшкен болатын , биылгы оқу жылынан бастап барлық сыныптар көшірілді.
Қадірменді ұстаздар, ата-аналар!
Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап, Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа сертін, шығармашылық табыс тілейміз, қымбатты ұстаздар!Ел ертеңі сіздерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет!


Категория: ---

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Автор: admin от 8-09-2017, 23:07, посмотрело: 177

0 Жаңа ғасырдың жеке тұлғасын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі егеменді еліміздің басты назарында болып отыр. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның әлемдік білім кеңістігіне енуі - бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар, жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан білім беру саласындағы оқытудың озық,педагогикалық жаңа технологияларын жетік меңгермейінше сауатты маман болу мүмкін емес.
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолдауындағы «ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бөлімінде: «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиясы және ғылыми қамтылуы, өндірістер үшін кадрлер қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманға білім беру жүйесінде әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін, осы заманғы басқарушыларсыз біз иновациялық экономика құра алмаймыз». Осыған орай, әрбір мұғалім барлық жаңалықтар мен әдіс-тәсілдерден хабардар болып, оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіріп,оларды тиімді қолдану жолдарын іздестіріп,өз кәсібін шығармашылықпен дамытып отыру қажеттілігі – заман талабынан өзінен-өзі туындап отыр. Осы тақырып аясында мектеп басшысы ретінде менің міндетім қандай болмақ?... қазіргі заман- оқу мен ізденіс заманы, білім мен біліктің ұштасқан заманы. Осыны негізге ала отырып жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы курсына біліктілігімді арттырмақ мақсатында келдім.
Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Біздің еліміз соның ішінде Кэмбридж оқыту бағдарламасын таңдап отыр. Ондағы мақсат – оқушының танымдық қабілеттерін, яғни өзінше ойлау қабілеттерін арттыру, елестету мен есте сақтауын, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз ету. Сол себепті жаңа заман талабына сай ұйымдастырылып жатқан курстық оқуларға мұғалімдерімді, әсіресе жаратылыстану бағытында жүрген жас мұғалімдерімді ұдайы жіберіп отыруым керек. Мектебім күрделі жөндеуден өтті, мектеп жаңа құрылғылармен, материалдармен қамтамасыз етілді. Менің басшылығыммен мектеп асында тағы басқа көп шаруалар атқарылды. Енді тек жас жеткіншектен шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру асында әріптестеріммен бірге аянбай еңбек етуім керек, бұл мұғалім атаулыға берілген сый- құрмет.
Жалпы білім беруде баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын бірінші қойып отыр.
Әрбір мұғалімнің алдында мынадай міндеттер туындайды:
1. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта отырып, ақыл-ой еңбегі мен мәдениетіне енетін дағдылар мен тәсілдерді,оларды іс-әрекеттің басқа салаларына қолдануды,білімді өз бетімен меңгеру іскерлігін қалыптастыру.
2. Есте сақтау мен сауаттылық біліктілігін дамыту.
3. Оқушыларды инттелектуалды дамыту – қазақ тілінің, қазақ әдебиетінің заңдылығына, іс-әрекетіне тән қоғамда толыққанды қызмет етуге қажеті ойлау сапасын қалыптастыру.
Осы міндеттер тиісті жұйеде іске астын болса, біз білім сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар, өмірге бейім, шығармашыл жас ұрпақты тәрбиелеп шығарамыз. Тіршілік үшін ұрпақтан өзге өзекті нәрсе жоқ. Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе -сол ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі-үлкен көрегендіктің белгісі. Өзекті мәселе-жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Өйткені қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі –шәкірттің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.Осыған орай мемлекеттік білім беру саясатының бағытында мектеп баланың дамуын жүзеге асырып, тұлғаның қабілеттілігін ескеріп, бір қалыпта қалыптасуын қамтамасыз етуі керек. Баланың көп білуі, жақсы оқуы маңызды емес. Ең бастысы – тұлғаның үйлесімді жетілуі. Яғни шығармашылық ойлау қабілетінің дамуы. Оқушының ақыл-ойының нақты дамуы сабақ үстінде айқындалады.
Қазіргі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуметін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір білім алушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін құзыреттілік тұрғыда дамыта отырып нағыз ел азаматы етіп тәрбиелеуге осы курстан алған білімім өзім басқарып отырған мектебімнің болашағы үшін, әріптестеріме тиісті деңгейде қолдау көрсетіп, қоғамдастықта бірлесе жұмыс атқару үшін қызмет ететініне сенімдімін.
Смайыл Гаухар Байтұрғанқызы

Категория: ---

 

«Білімді ұрпақ- ел тірегі» физикадан сайыс сабақ

Автор: admin от 8-09-2017, 21:07, посмотрело: 163

0
Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пән ге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа
тәрбиелеу
Қажетті құралдар: Қорап, доп, сурет, аспаптар,динамометр, электроскоп, мензурка, барометр, амперметр, вольтметр.
Өткізілу этаптары:
1 - тур Ойға шабуыл ( Әр сұрақ 1 ұпай)
2 - тур Көмекке келетін жұмбақтар ( әр сұрақ 5, 3, 2, 1 ұпай )
3 - тур Физика тілінде сөйлесейік ( әр сұрақ 2 ұпай )
4 - тур Аспапты білесің бе? (әр сұрақ 1 ұпай)
5 - тур логикалық сұрақтар (әр сұрақ 1 ұпай )
6 - тур ойлан, тап (сұрақ 2 ұпай )
Қатысатын сыныптар 7 - 8
Әр сынып жеке топ болып бөлінеді. Топтың атын қойып, ұрандарын айтады.
7- сыныпқа сұрақтар
1 тур Ойға шабуыл
1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма? (жоқ)
3) Уақыттың өлшем бірлігі не? (секунд)
4) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)
5) Табиғатты зерттеудің негізгі 3 әдістері? ( бақылау, эксперимент, теория)
6 ) Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)
7) Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )
8) Инерция құбылысын кім ашты? ( Галилей)
9) Заттың күйлері? (газ,сұйық,қатты)
10) Темір не? (зат )
8 – сыныпқа сұрақтар
1. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
2. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)
3. Массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
4. Ең кішкентай заряд? (электрон)
5. Электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон)
6. Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал? (спидометр))
7. Аттас зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ тебіледі)
8. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол....? (инерция)
9. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
10. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама... (энергия)
2- тур. Көмекке келетін жұмбақ
Шарты: 1 көмек 5 ұпай, 2 көмек 3 ұпай, 3 көмек 2 ұпай, 4 көмек 1 ұпай
1 Ғалым туралы.....
а) Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген 5 ұпай
б)Француз физигі электростатиканың негізгі заңын ашқан ғалым 2 ұпай
г) зарядтың өлшем бірлігі ретінде алынған 1 ұпай (Шарль Огюстен Кулон)
2 Жанды нәрсе туралы.....
а) Көзі қырағы, жанған жарықта алыстан көреді 5 ұпай
б) Жүрегіңнің қуаты 2. 2 Вт 3 ұпай
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай
г) жердегі ең ақылды кім? 1 ұпай ( адам)
3 Зат не?
а) Адам организмнің 65 процент 5 ұпай
б) Заттың үш күйінің біреу 3 ұпай
в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай
г) Жерде онсыз өмір жоқ 1 ұпай ( Су)
4 Қорапта бір физикалық дене бар?
а) Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары үшін қолданылады 5 ұпай
б) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура 3 ұпай
в) Спортшы осы денемен дос 2 ұпай
г) Шар тәріздес 1ұпай ( доп )
3 - тур Физикалық тілде сөйлейік (2 ұпай )
Қай тілде, сөз мағынасын ашу
• Метр ( грек сөзі « өлшеймін» )
• Диффузия ( латын сөзі «жайылу, таралу»)
• Электр ( грек сөзі « электрон, эбонит»)
• Гелиос (грек сөзі « күн деген мағынаны білдіреді»)
• Конвекция (латын сөзі « тасымалдау»)
• Электроскоп (грек сөзі « электрді бақылау»)
• Гипотеза (грек сөзі «болжам»)
4 - тур Аспаптар ( 1 ұпай )
1) Аспапты білеміз бе? Нені өлшейміз?
1.Динамометр
2.Мензурка
3.Электроскоп
4.Амперметр
5.Вольтметр
6.Барометр
7.Таразы 8. Сағат 9. Термометр 10. Спидометр 5 - тур логикалық сұрақтар ( 1ұпай)
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
5.Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
10. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
12. Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
13. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
14. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)
15. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)
6 - тур Ойлан. Тап (2 ұпай)
7сыныпқа тапсырма 1.Темекі тартылған үйдегі киім-кешектер түтін сасып тұрады.Неге? 2.Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. (Мына мақалдың тәрбиелік және физикалық мәнін түсіндіріңдер) 8-сыныпқа тапсырма 1.Термометрдегі сынап бағаны көтеріліп келеді.Мұнда жұмыс қандай энергияның есебінен істелінеді? 2.Азықсыз адам алысқа бармайды. Алдар көсе бізде қонақта (көрініс)
Қорытындылау. Жеңімпаз топты анықтау

«Білімді ұрпақ- ел тірегі»  физикадан сайыс сабақ

«Білімді ұрпақ- ел тірегі»  физикадан сайыс сабақ

«Білімді ұрпақ- ел тірегі»  физикадан сайыс сабақ

Бармешова Жеңіскүл Жайсанбекқызы

Категория: Мұғалімдер

 

МИФ апталығы

Автор: admin от 8-09-2017, 20:33, посмотрело: 348

0
2016-2017 оқу жылында 9-31 қаңтар аралығында математика, физика және информатика пәндер айлығында өткізілген іс-шаралар туралы
Анықтама

9-31 қаңтар аралығында математика, физика және информатика пәндер айлығы болып өтті. Айлықтағы жоспар бойынша барлық іс-шаралар өткізілді. Әр сынып қабырға газеттерін, сөзжұмбақтар, ребустар жасап ілді.
МИФ апталығыМИФ апталығы
МИФ апталығы

10 қаңтар күні 7-8 сыныптар арасында физика пәнінен Бармешова Жеңіскүл «Білімді ұрпақ ел тірегі» атты сайыс сабағын өткізді. 7-8 сыныптың оқушылары болып екі топқа бөлініп жарысты. Сайыс 6 турдан тұрды. Әр турда қызықты тапсырмалар бере отырып сайысты қызықты өткізді. Сайыста 8 сынып оқушылары өз білімдерін көрсете отырып, жеңіске жетті.
12 қаңтар күні 9 сынып оқушылар арасында физика пәнінен Талипов Садыр «Қызықты физика» атты сайыс өткізді. Сайыс 6 бөлімнен тұрды. Оқушылар І топ «Күш» , ІІ топ «Динамика» болып екі топқа бөлінді. Оқушылар тәжірибе жұмыстар жасады. Тәжірибе жұмыстарын жасаған кезде оқушылардың физика пәнін жақсы меңгергені көрініп тұрды. Сайыс тең дәрежеде аяқталды.
16 қаңтар күні 8а,ә сыныптар арасында математика пәнінен Арғынбаева Әсел «Білім кілті математикада» атты сайыс сабағын өткізді. Сайыс 4 бөлімнен тұрды. Әр бөлімде оқушылар өз білімдерін дәлелдеді. Сайыс тартысты өтті. Әсіресе «Кім жүйрік» топ басшылар сайысында Нұрсая мен Талғат қойылған сұрақтарға бір-бірімен таласа отырып жауап берді. Сайыс 50 ұпаймен тең дәрежеде аяқталды.
18 қаңтар күні 7 сынып оқушылары арасында Молдашаева Сағынкүл «Математикалық тартыс» атты ойынын өткізді. Ойын 3 турдан тұрды. Әр турға 3 ойыншыдан қатысып отырды. Ойыншыларды залдан сұрақ қою арқылы таңдады. Ойын өте тартысты өтті. Үш турдың жеңімпаздары Абзал, Мағрипа, Мейірім сынды оқушылар финалға шығып, Мейірім жеңіске жетті.
20 қаңтар күні 8а,ә сыныптар арасында информатика пәнінен Сүттібаева Айзада «Кім жүйрік» атты сайыс сабағын өткізді. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. 1 кезең бойынша әр топ өз топтарын, өз топтарының төсбелгілерін таныстырды. «Ғажайып ұяшық» кезеңінде сұрақтар әр саладан келседе, оқушылар өз білімдерін жан-жақты дәлелдеді. 6 кезеңде топ басшылары шығармашылық тақырыптар бойынша өз ойларын жақсы жеткізе білді. Әсіресе Боранбай Динара «Нұрлы жол» тақырыбын өте жақсы қорғап, өз ойын тиянақты жеткізе білді.
24 қаңтар күні 8а сынып оқушылары арасында Бармешова Жеңіскүл «Бір кесе шай және физика» атты физикалық кеш өткізді. Әр елден келген бір-бірінен асқан оқымысты ғалымдар күнделікті өмірде көріп жүрген шай қайнату сиқырына терең түсінік берді. Шайды қандай ыдыста темір ме әлде фарфор ыдыста қайнатқан дұрыс болатыны туралы айтып өті.Балалардың күнделікті көріп жүрген құбылыстарында физикалық заңдылықтар бар екендігін айтып өтті. Кеш өз дәрежесінде өтті.
25 қаңтар күні 6а,ә сынып оқушылары арасында Талипов садыр «Информатика әлеміне саяхат» атты интеллектуалды шоу өткізді. Интеллектуалды шоу 6а «Тапқыр достар», 6ә «Ақпарат» топтары арасында өткізілді. Интеллектуалды шоу 6 турдан тұрды. 6 турдың тапсырмаларын оқушылар өте жақсы орындап, 6а сынып оқушылары «Тапқыр достар» тобы жеңіске жетті.
27 қаңтар күні 10а сынып оқушылары арасында Арғынбаева Әсел «Озық ойлы оқушы» атты интеллектуалды сайысын өткізді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. 10 сынып оқушыларынан іріктеп алынған 6 оқушы қатысты. Сайыста оқушылар өз математикалық білімдерін көрсете білді. «Жанды сұрақтар» кезеңінде оқушылар әр пәнге байланысты сұрақтарға жауап берді. Сайыста Тилеуберді Мөлдір жеңіске жетті.
30 қаңтар күні 6а,ә сынып оқушылары арасында Молдашаева Сағынкүл «Математик болғың келе ме?» атты ойынын өткізді. Ойын 3 кезеңнен тұрды. Әр кезеңге 1 ойыншыдан қатысып отырды. Әр ойыншы 10 сұрақтан тұратын сұрақтарға жауап беру арқылы финалға шықты. Оқушылар сұрақтарға ойланып толық жауап беріп отырды. Финалға шыққан Абдраман Әмина, Болат Мейіржан, Егінбаев Арсен сыныды оқушылардың ішінде көп ұпайға ие болған Арсен жеңіске жетті.
Өткізілген іс-шаралар бойынша белсене қатысып, жеңіске жеткен оқушылар марапатталды.

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед